Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет130/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ГЕРОНТОКРАТИЯ (грек. Gerontros – қария, kratos – билік, күш) – ағылшын этнографы У. Риверс ХХ ғ-дың басында енгізген, қауымдық мәде- ниеттегі қариялардың ерекше орны мен билігін білдіретін ұғым. Г. дәстүрлі қазақ мәдениетінде белең алған әлеуметтік құбылысқа жатады. Көшпелік қоғамдағы ақпараттық берілудің ауызекі бітімдерінің үстем болуы «жазы- лып қойған хатпен бірдей» ақсақалдардың әлеуметтік рөлін арттырды. Г- ның қазақтардағы тағы бір бастауы ұлттық мәдениеттің туысқандық қаты- настар негізінде қалыптасуынан нәр алады (жеті аталық үрдіс). Туысқан- дық қатынастарды басты құндылық санайтын генеалогиялық-шежірешіл- дік дәстүр арғы тектің маңыздылығын дәлелдейді. Г. ұлттық мәдениетте жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімдерінен көрініс табады.


ГЕТЕ Иоганн Вольфганг (1749–1832) – ұлы неміс ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезінен үйінде арнаулы жан-жақты білім алды, жеті- сегіз жасынан бірнеше көне және еуропалық тілдерді меңгерді, француз мәдениетімен жетік таныс болды. Лейпциг және Страсбург ун-терін бітірді. Г-нің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер етті. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңін- дегі бүлікшіл рыцарьдың бейнесін ашып көрсетті. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды. 1774 ж. Г. «Жас Вертердің азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Г. жас кезіндегі күмән- дану мен тынымсыз ақиқат іздеуден гөрі, тұрақты қалыптасқан бейнелерге көбірек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмінен әуестеніп, адамға деген шы- найы махаббатымен дараланған Прометей, ізгіліктің жоғары моралін дәйек- ті ұстаған Христос, тынымсыз ізденістегі Мәңгі Жид, Фауст бейнелеріне үңіледі. Г. антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделілік танытады. Антикалық өнер мен әсемдік Г. бойынша, Ежелгі Грекияда мүмкін болған еркін мемлекеттегі тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділіктің көрінісі. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестіріп, үйлесімділікпен шешеді. Үйле- сімділік тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуын шектеу болып табылады. Сол себепті Г. француз төңкерісін қабылдамады, оған қарсы сатиралық пьесалар жазды. «Соңғы Гомерид» болғысы келген Г. Илиадаға еліктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бірақ аяқтамады. Веймарда Г. бірінші министр қызметін атқарды. Ол басқару қызыметімен қатар, білім беру, денсаулық сақтау істерімен көп айналысты. Бұл кезеңде Г. табиғаттанушы ғалым ретінде салыстырмалы морфология (терминді өзі


175

енгізген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және мете- реология салаларында маңызды жаңалықтар ашты. Г-нің өсімдіктер мен жа- нуарлар жүйелеріндегі құрылымдық бірлік туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Г-нің бүкіл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегі – «Фауст» трагедиясы. Кейін Ф. Ницше жалпы батыстық мәдени типті фаустық адам деп атаған. Фауст бейнесінде ақиқатты тынбай іздеуші, азаттық үшін күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейіпкер суреттелген. Мефистофель болса, Г-нің өзіндік күмәндарын білдіреді. Г. еуропалық Жаңа заман мәдениетін биік тұрғыға көтере білген тарихи- мәдени тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет