Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет141/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Степин В.С. Философия науки. Общие проблемы. – М., 2006; Абдильдин Ж.М. Развитие материалистической диалектики в Казахстане. – Алма-Ата, 1975; Абдильдин Ж.М., Нысанбаев А.Н. Диалектико-логические принципы построения теории. Алма-Ата, 1973; Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. – Алматы, 2013.


ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕК-


ТЕБІ – XX ғасырда ғылымды айрықша әлеуметтік институт және таным- дық қызметтің жоғарғы формасы ретінде зерттейтін кәсіби философияның саласы. Қазақстанның ғ.ф-ның тарихы шартты түрде кеңестік және посткеңестік кезеңдерден тұрады. 1962–1990 жылдарда кеңестік кезеңде жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерін зерттеуге арнап, математикалық теорияны құрудың, ғылыми-теориялық танымның диалектикалық-логикалық тұжырымдамасын жасалды. Ғ.ф-ның өзіндік зерттеу пәні және соған сәйкес әдістері бар. Оған мәдениет жүйесіндегі ғылымның табиғаты, оның түсінігі, адамның құнды-лықтар жүйесі, тағдыры мен жауапкершілігі, ғылымды қазіргі қоғамның өндіргіш күші ретінде ұғыну, философияны жалпы әдіснама және дүниета-ным ретінде қарастыру жатады. Қазақстандық философиялық-әдіснамалық мектептің тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады. Осы заманғы ғылыми танымның келелі логикалық-әдіснамалық мәселелерін жүйелі түр-де зерттеу XX ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары жаратылыстану және математикалық
ғылымдардың әдіснамалық мәселелерін жүйелі түрде зерттеуде әлеуметтік- мәдени және категориалық талдаулар бірлігінің үстемдігі айқын байқалды. Ғылымның дамуы барысында оның түсініктемелік сұлбалары қалай пайда
188

болатыны және дамитыны, ғылыми теориялары, тұжырымдамалары, қағи- далары мен мақсаттары қалай қалыптасатыны айқындала түсті. Физика, математика, геология, география, химия және биология ғылымдарының нақ- ты деректері негізінде адамның ғылыми ақиқатқа жетуінің күрделі әрі қай- шылықты процестері, оның ғылыми дүниетанымының дамуы теориялық- әдіснамалық жолмен егжей-тегжейлі қарастырылды. Қазақстандағы ғылым философиясы және әдіснамасы дамуының екінші кезеңінде (ХХ-ғасыр- дың 80-жылдары) алғы шепке тұтас алғанда ғылымның категориялық жә- не ұғымдық аппаратының қалыптасу және даму заңдылықтарын ашып көрсету шықты. КСРО мемлекеті ыдырағаннан кейін, қазіргі ғылымның дүниетанымдық келелі мәселелері арнасында, ғылым философиясы және әдіснамасы бойынша жарық көрген бұрынғы отандық әдебиетте тіпті қарас- тырылмаған жаңа проблемалар бой көтере бастады. Жеке алғанда, бұл ұлттық мәдениет аясындағы ғылымның келелі мәселелері, оның ұлттық кейіптері т. б. еді. Осы уақыттан бастап Қазақстандағы ғылым философиясы және әдіснамасы дамуында үшінші кезең басталды (90-жылдар), ол ғы- лымды маркстік талдау шеңберінен шығуымен қатар, әлеуметтанудың, саясаттанудың, психологияның, педагогиканың, мәдениеттанудың әдісна- малық мәселелерінің қарқынды зерттелуімен сипатталады.


Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде мәртебесін алуы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдіснамасы мен философиясының рухани көкжиегін кеңейтті және жаңа болашақты ашты. Адамның дүниеге, қоғамға, өзінің әлеуметтік және мәдени болмысына қатынасының көптеген мәселелерін философиялық-саяси ұғыну мен талдау әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар дамуының қажетті шарты болып табылады. Тәуелсіздіктің жиырма екі жылында үшінші мыңжылдықтың қауіп- қатерлеріне жауап беретіндей жаңа біртұтас интегралды дүниетанымның өзегі болатындай философия мен саясаттану формасын зерттеуге және Қазақстан халқын рухани жағынан дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осындай жағдайда қалыптасып келе жатқан өзара түсінісудің жаңа интегралды философиясы жаңа құндылықтар жүйесін, жаңа дүниетанымды қалыптастыруға, көпэтносты қоғамды одан әрі іштей рухани топтастыруға шақыруы тиіс. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап біздер 10 көлемді кітаптар даярлап шығардық. Олар: «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы: әлеуметтік-гуманитарлық талдау»; Нысанбаев Ә. «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм»; Нысанбаев Ә. «Тәуелсіз Қазақстанның құндылық- тар әлемі» және тағы басқалар. Философиялық пайымдаудың қазақ және түркі философиясы сияқты жаңа типін аштық және оны мәдени-тарихи негіздедік. Бұл тәуелсіздіктің рухани жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет