Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялық энциклопедиялык сөздік. – М



бет167/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философиялық энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.


ДИССИДЕНТ (лат. dіssіdens – келіспейтін) – мойындамайтын, басқа- ша ойлайтын адам. Орта ғасырда католизмге қарсы келгеннің бәрін шіркеу дінінен безген Д. деп танып, қуғынға ұшыратты, аяусыз жазалады. Үстем шіркеу уағыздарын орындамайтын христиандарды Д. деп атады.


«ДИУАНИ ХИКМЕТ», «Ақыл кітабы» – мұсылмандық қағидалары өлеңмен жазылған дидактикалық дастан. Бұл еңбек ХІІ ғ-да жазылған, авторы – Қожа Ахмет Иасауи. Түпнұсқасы бізге толық жетпеген. «Д.Х»-тің XV–XVІ ғғ.-да көшірілген бірнеше қолжазбасы сақталған. Олар негізінен Стамбұл, Ташкент, Мәскеу, Алматы қ-ндағы кітапханаларда сақталған.
«Д.Х»-тің ең көне нұсқасы араб графикасымен жазылып, сақталған нұсқа болып отыр. Барлық түркі халықтары «Д.Х»-ті түпнұсқадан аудармай оқи береді. Өйткені ол бәріне ортақ көне түркі тілінде жазылған. «Д.Х»-тің лек- сикографиялық ерекшелігі оның түркі тілдерінің қыпшақ тобына жақын екенін көрсетеді. «Д.Х»-тің негізгі түйіні: арабша білмейтін оғыз, қыпшақ руларын құрайтын көшпелілерге құран аяттарын ана тілінде түсіндіріп насихаттау, олардың мұсылмандық шарттарын жетік ұғынуына көмектесу болып табылады. (Менің хикметтерім Алладан пәрмән, оқып ұққанға мағы- насы бар құран). Осы талаптарға орай ол өз дастанын қыпшақ, оғыздың өлең құрылысына бейімдеп, поэзия тілімен жазды. Хикметтер қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқасына тым жақын тұр. Сол себепті бұл жырлар көшпелілерге, оның ішінде қазақ оқушыларының жүрегіне өзінің ақыл, насихаттық мазмұнымен де, құрылысымен де жылы тиіп баурап отырады. Тіпті, түркі елдерінде, әсіресе, қазақ жерінде кең етек алған айтыс үлгісін ақын мейілінше ұтымды пайдаланады.
«Д.Х.» бастан-ақ үлгі-өнеге, ақыл-насихат түрінде келеді. Ол мұсыл- ман дінінің негізін құрайтын түйінді мәселе: имандылықты арқау ете


218

отырып, бұған сан алуан діни, әдеби, аңыз әңгімелерден тыс, нақты өмірлік деректер де келтіреді. Бұл орайда ол Мұхаммет пайғамбар мен оның төрт шарияларының үлгілі істерін жұртқа паш ете отырып ой тастамақ болады. Ақын мақсатының түйіні: бұл баянсыз өмірден жақсылық, ол дүниедегі бақи ғұмыр үшін ұмтыл, құдайға күндіз-түні құлшылық етіп, Алланың сүйікті құлы болуға талаптан, адамгершілік, имандылықтың жолынан табыл дегенді ұсынады. Қожа Ахмет жұртты жамандық пен зұлымдықтан, озбырлық пен надандықтан сақтандырғанда, өз басынан кешкен қателіктерін, айып- күнәларын аяусыз сынап, сол қателіктерінде сақтандыруды қарастырады, сөйтіп рухани тазару мәселесін көтерді. Мұның сара жолы сопылықты айта келіп, оның қиын да күрделі екенін де жасырмайды. Ақын бұл тұста тариқат, шариғат, хақиқат, мағрипат ілімін алға тартып, ғылым-білімді игерудің міндет-мақсаттарын да бағдарлайды. «Д.Х»-тегі ой түйінінің салмағы «Дәптер сани» тұжырымдамасына келіп тіреледі. Мұның мәні –


«Екінші дәптер « деген сөз. Ақын осы екі дәптер арқылы бұл дүние мен ол дүние мәселесін қатар алып, салыстыра ой түймек болған. Сол арқылы адам баласын құдай алдындағы тазалық пен имандылыққа тәрбиелемек болады. Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 14. Философия тарихы. Астана: Аударма, 2006; Орта ғасырдағы түркі ойшылдары.– Астана:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет