Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет178/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЕЛІКТЕУ – психологияда, жеке адамдардың немесе әлеуметтік топ- тың басқа бір жеке адамдардың және топтардың іс-қимылын, қозғалысын ұқсастырып жасауы. Аристотель адамның қалыптасуында еліктеу маңызды рөл атқарады деп атап көрсетті. Е-ді зерттеудің іргетасын И.П. Павловтың шартты және шартсыз рефлекстерді зерттеуілері қалады. Е. – бұл қоғамдық тәжірибені игерудің бір жолы. Е-дің онтогенездің алғашқы кезеңіде маңызы айрықша. Сәби Е-дің нәтижесінде іс-қимыл, дағдыларды, жүріс-тұрыс


234

ережелерін, сөйлеуді үйренеді. Е. бойынша іс-қимыл мен дағдыларды игеру қарым-қатынас, қабылдау, дамуының жоғары деңгейін болжайды. Кері жағдайда, Е. қозғалысты сырттай қайталауға айналады. Е-дің мұндай түрі психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларда кездеседі. Е. дамуындағы бұзылу қоғамдық тәжірибені игерудегі қиындықтардың пайда болуына, психикалық дамудың тежелуіне алып келеді. Е. ерікті және еріксіз іске асады. Ерікті Е. мектеп жасына дейінгі балалар мен сәбилерді оқытып- үйретуде жетекші әдістердің бірі ретінде қолданылады. Бұл балаларды оқыту процесінде жас ерекшелікке сай жетіле береді. Е. адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Е. нәтижесінде адам жүріс-тұрыс нормалары мен еңбек дағдыларын үйренеді. Е. антикалық және XVI–XVIII ғасырлардағы классикалық эстетиканың негізгі қағидаттарының бірі. Өнер- ге еліктеу (мимесис) ретінде қарау пифагоршылдықта (музыка аспан үйле- сімділігіне Е. ретінде) қарастырылып, кейін бұл көзқарасты Платон және Аристотель өрбітті. Өйткені Платон бойынша, көрінетін әлем жоғары идеялар әлеміне Е., шынайылыққа еліктеуші өнер тек еліктеушілікті ғана көрсетеді. Аристотельдің пікірінше еліктеуге ұмтылу тірі жандарға, әсіресе адамдарға тән. Еліктеу өнердің мәнін құрайды, жиіркеніштілік пен жексұ- рындылық бейнеленген кезде де бұл қанағат сезімін береді. Е-дің тәсілі мен объектісі әдеби жанрлардың негізгі қасиеттері болып табылады. Платон өнердегі ұсқынсыздықты, адамгершілік тұрғыдан айыпталатын нәрсені бейнелеуді айыптаса, ал Аристотель мұндай бейнелеуді дұрыс деп санап, комедияны эпос пен трагедиядан төмен қойды. Себебі, комедияда, «нашар адамдарға» еліктеушілік бар. Жаңа заманда Е. классицизм эстетикасында кеңінен қолданылды. Ш. Батте «Бірыңғай қағидатқа негізделген нақышты өнер» (1746) атты еңбегінде барлық өнер үшін осындай бірыңғай қағи- датты Е. деп санады. Е-ге тек «әсем табиғат» лайықты деп санаған клас- сицистер антикалық өнердегі идеалды үлгіге еліктеуге ұмтылу ең жақсы тәсіл деп санады. «Табиғаттағы әсемдік» ұғымын неміс классикалық философиясының өкілдері сынға алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет