Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006



бет185/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.


ЖАҒЫМПАЗДЫҚ – адам мінез-құлқындағы ұнамсыз қасиет; жағым- паз адам айналасындағы адамдар мен қызметтестеріне, өзінен қызмет жағ- дайы жоғары тұратын адамдарға жақсы көріну үшін шектен тыс қошемет- шіл болады. Психологияда адам бойындағы жиіркенішті мінез, өз қабілет- қарымына, біліктілігіне өзі күмән келтіретін, оңай жолмен артық пайда табуды не билік мансапқа қол жеткізуді өмірінің мақсаты тұтқан адамдар бойында кездеседі. Ж-тың әлеуметтік ортаға, ұжымға, тұлға аралық қаты- насқа, жалпы қоғамға тигізетін психологиялық зардабы мол. Ж. жайлаған ұжымда адамгершілік ұстындары мен жалпы адамзаттық құндылықтар рөлі


241

төмендеп, тұлға аралық қарым-қатынастарда қатерлі бір өлшемді көзқарас орнайды. Адамзат қоғамы Ж-ты дертті мінез-құлық санап, оны әжуә-күлкіге айналдырады.


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2005. Т. 12.


ЖАҚСЫЛЫҚ – адамның моральдық болмысын құраушы сапа маз- мұнын анықтайтын этикалық категория. Адамның антропогенездік белгісі, оң іс-әрекетін, әдет-дағдысын, мінез-құлқын белгілейтін қасиеттердің жиынтық атауы. Ж. – адамға ғана тән болатын, адамды жан-жануарлардан ерекшелеп тұратын, оны адам болмысы ауқымында ұстаушы бастаманың бірі. Ж. – моральдық-рухани құндылық. Конфуций «Ж.» пен «жамандық» тек адамға ғана тән болмыстық белгі деп білген. Б. Диденко «Міне, осы- дан жалпыадамзаттық трагедия – «Ж. пен жамандықтың» мәңгі күресі пайда болады» – деп есептеген. Ресейлік академик Н. Амосов әлемдегі жамандықтың өмір сүру шындығын және оның тамырын үзудің, қоғамды одан мүлдем тазартудың мүмкін еместігін мойындай отырып, «Ж. бар, өйткені жамандық бар» дейтін тұжырым жасайды. А. Августин: «Ғалам- ның таңғажайып әсемдігі Ж. пен жамандық жиынтығынан тұрады. Адамгершілікке жат қылықтың өз орны бар және ол Ж.-тың дұрыс көрініс табуына көмектеседі. Ж. адамға көп ұнайды және ол парасатты қылық болып есептеледі, егер оны жамандықпен салыстыратын болса»

  • деп көрсетеді. Исламдық философияда мұсылманның Ж.-қа шақыру міндеті, әсіресе, жамандықтың кең тамыр жайған кезінде адамның жеке парыздарының ең алдына шығатындығы айтылады. Әл-Ғазали бастаған Ешари кәламшыларының пікірі бойынша, Ж. Алланың қалауына тәуелді құбылыс. Құдай нені жақсы деп тапса, сол жақсы. Қожа Ахмет Ясауи (ХІ – ХІІ ғғ.) өзінің «Диуани хикмет» атты еңбегінде Ж. жасағандарға Алланың сыйын былайша баяндайды: «Жақсыларды жарылқап, жаманға берер жаза, қияметте жазаларын тартар, достар». Түркілік ғұлама Махмұд Қашқари (ХІ

  • ХІІ ғғ.): «Үш адамды Ж-қа бастағанды ғалым біл, оның ісін жұртқа жайып, қолдан келсе тәлім қыл» – деп Ж. жақсыдан шығады дегенді айқындап, жақсының Ж-ғын айт нұры тасысын дегенге саяды. Енді бір бәйітте: «Күліп келген адамның бетіне күл шашпағын, Ж. ет қашан да, қалыбыңнан аспағын»

–деп Ж-ты дәріптейді. Ортағасырлық түркілік ойшыл Ахмед Йүгінеки Ж. та, жамандық та тілден болатынын ескертіп: «Не келсе де тілден келер бір басқа, содан – жақсы, жаман атақ бір басқа. Тыңдашы: адам ерте тұрып күн сайын, осы тілге табынбайды құр босқа» – деп жазады. Әл-Ғазали өзінің кемел адам тұжырымдамасын «Ж.» категориясының төңірегіне шоғырландыра отырып, «Ж. не?» деген сұраққа: «адамның қарапайым болуы, басқалардың кемшілігіне қарамау, жомарт болу, өкпелемеу, ғайбат сөз айтпау, өтірік


242


сөйлемеу, басқаны жәбірлемеу, алдамау, қиянат жасамау, өсек айтпау, өзімшіл болмау, балағаттамау, қинамау, дұшпандық жасамау сияқты теріс қылықтардан аулақ болуы және адамға бірінші болып сәлем беру, әр адамға Ж. жасауға ұмтылу, қонақжай болу, үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге ізетті болу, дархан мінез, ренжіскен адамдарды татуластыру, туыстармен қарым-қатынасты нығайту, науқас адамның көңілін сұрау, шақырылған орындардан қалмау сияқты амалдар – жақсы қылықтардың қатарына жатады» – деп жауап береді. «Жақсы мінез адамдарды бақытқа жеткізеді» – дейді Ғазали. Спиноза Ж. та, жамандық та болмайды, Ж. немесе жамандық туралы ойлар адамның бәрін тұтастай қамти алмайтын қабілетсіздігінен және шектілігінің салдарынан деп көрсетеді. Ол адамның жақсы сезімдері қатарына еркіндікті, жауапкершілікті, парызды жатқызады. ХІХ ғ. неміс философы А. Шопенгауэр өзінің этикасында Ж. әрекеттердің адамның өз пайдасы басқаның мүддесі үшін құрбан ету арқылы болатындығын айта келіп, оның түпқазығын төмендегілерге тоғыстырады: 1) не адамның өз мүддесі осы жақсылық әрекетпен бүркемеленеді; 2) не ырымшылдық, яғни оның қайырымы алдағы уақытта болатынына үміттену; 3) не басқаның қайғысын бөлісу сезімі; 4) не басқаға қайрымдылық жасайтын дархан мінез, яғни басқаның мұқтажын өтеуден туындайтын көмектесу ұстанымы. Ф.Ницше Ж.-ты «адамгершіліктің үздіксіз іске асырылуы» ретінде қарастырады және Ж. «нұрынан барлық әлем тіршілік етеді, әсіресе онымен отбасы жанданады, өмір түрлене түседі» деп есептейді.
Қазақ халқының рухани-әлеуметтік философиясында Ж. – маңызды моральдық-аксиологиялық категорияларының бірі болып табылады. Бұл ұғымның аксиологиялық құзыры қазақтың шешендік өнерінде айтарлықтай көрсетілген. Мыс., Досбол шешен: «Жан денеге қонақ, тіршілікте еткін Ж. – бұл өмірден өткенде өзіңмен кетер сол-ақ» – дей келіп, Ж. категориясының өмірмәнділік мәртебесін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет