Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет194/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЖЕКЕ ТҰЛҒА – белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысу- шы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Ж. т. өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Ж. т. – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни «Ж.т.»


254

ұғымы «азамат» деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Ж. т.) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар. Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп та-нылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы- ның шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес аза- маттың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағындаеркінжүріп-тұруғажәне тұрғылықты жертаңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заң- ды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зият- керлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экон. қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкер- лік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет