Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет200/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   401
Байланысты:
treatise187525

З ЗАЛАЛ – тұлғаға немесе жеке меншікке келтірілген қандай да бір за- қымның, заттай шығынға ұшыраудың, заңды және заңсыз түрде тигізілген
зияндықтың салдары. Заңды тұлғаның құқығы бұзылуы салдарынан ала алмай қалған табысы, бұзылған құқын қалпына келтіру үшін жұмсаған немесе жұмсауға тиіс шығыны, оның мүлкінен айрылуы немесе мүлкінің бүлінуі. ҚР Азаматтық кодексі бойынша, құқығы бұзылған тұлға, заңда немесе келісімшартта көрсетілсе, өзіне келтірілген З-дың толық өтелуін талап ете алады.
Билік және басқа да мемлекеттік органның немесе өзін-өзі басқару органының заңға сай келмейтін акт шығаруы салдарынан, осы органның лауазымды адамдары әрекетінен (әрекетсіздігінен) кісіге немесе заңды тұлғаға келтірілген З-ды мемлекет немесе жергілікті мемлекет органдары өтеуі тиіс. Осымен қатар З. шығыстың табыстан (пайдадан) артық болуы, кәсіпорынға немесе жеке кісіге қатысы бар немесе қатысы жоқ себептер- мен келтірілген шығын. Өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржы нәти- желері ретіндегі З. бухгалтерлік баланс бойынша және жекелеген опера- циялармен айқындалады. Шығынның бір бөлігі – айыппұл, өсімпұл, тұрақ- сыздық айыптары, ақауы бар өнім шығару және жұмыссыз бос тұрудан келген З. өнімнің өзіндік құнына кіреді. Келісімшарт талаптарын бұзған жақ, осы бұзудан қарсы жаққа келтірілген З-дың орнын толтыруға міндетті. Зардап шегуші тарап, келісімшарттың бұзылуынан туындаған З-ды заң көлеміне сыйымды тәсілдермен азайтуға тырысады. Мұндай қағида нарық экономикасы дамыған Америка мен Ұлыбританияда қолданылады. Соны- мен бірге, Германияда келісімшарт қасақана бұзылса, ықтимал, болжалды З.-дың қандай мөлшерде болатынына қарамастан, оның міндетті түрде өтелуі талап етіледі. Қазақстанда осы, соңғы үлгі қолданыс тапқан.


ЗАЛЫМДЫҚ – адам бойындағы рухани жетілмеушіліктен туындай- тын рақымсыздық, қаскөйлік, арамдық, қастандық жасаудан тартынбау тәрізді әрекеттер арқылы көрініс беретін, халықтың жек көру, жиіркену, айыптау сезімін тудыратын ең ұнамсыз қасиеттердің бірі. З. тірі жанға жаны ашымайтын қатыгездікпен астасып жатады. Кез келген қоғамда З. әрекет көпшілік тарапынан айыпталып қана қоймай, оған қарсы әлеуметтік және құқықтық ықпал жасалады, оның алдын алу шаралары қолданылады. З. жолға адамның түсіп кетпеуі үшін өзінің табиғи өзімшілдігін шектеуі абзал.


ЗАҢ (лат. lex) – құбылыстар арасында қайталанып отыратын қажетті, маңызды, тұрақты қатынас. Ол ақиқат әлем, табиғат, қоғам құбылыстарына іштей тән болады. Ол нақты дамушы жүйенің, адамзат қауымдастығы рухани өмірінің өзінен ұйымдасуының, қалыптасу үдерісі түрінің, оның жалпы сатыларының өзгеруі, қозғалуы, дамуының қажетті үрдісі. Жүйенің өздігінен дамуы оған имманентті қайшылықтардың тигізетін әрекеті ретін- де анықталады. Өмір сүріп тұрған қатынас ретінде З., күрделі диалектика- лық өзара байланыс, себептілік және функционалдық байланыстардың мәнді қатынастарымен жүзеге асады.
Күнделікті өмірде З. екі түрлі жағдайда қарастырылады: 1) құбылыс- тардың қажетті байланысы ретіндегі З-дар (мысалы, «табиғат З-дары»,
«Ойлау З-дары»). Табиғат З-дары стихиялық күш ретінде әрекет етеді.
2) ұғымның ұйымдастырушы және бағыттаушы функциясының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін, адамдар үшін міндетті қоғамдық нұсқаулар («мемлекеттік заңдар», «қылмыстық З-дар» және т. б.). Адамның саналы әрекетіне бара-бар қоғамдық-тарихи З-дар, адами қызметтің өзіндік З-дары болып есептеледі. Олар қоғамдық практика үдерісінде пайда болып, жүзеге асады. Табиғат және қоғам З-ның әрекеттері адам санасынан тыс, объективті. Танылған З-дар болашақты болжауға, теорияны практика жүзінде тексеруге табиғи және қоғамдық үдерістерді басқаруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет