Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет235/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   401
Байланысты:
treatise187525

313


КВАНТТЫҚ МЕХАНИКА – микродүние заңдары мен заңдылықта- рын суреттейтін қазіргі физиканың іргелі теорияларының бірі. Ол атақты неміс физигі М. Планк 1900 ж. негіздеген кванттық гипотезадан (e=hn) бас- тау алады. Кванттық идея фотоэффект заңдылықтарын түсіндіруде өз жеміс- тілігін дәлелдеп, жарықтың фотондық теориясына жол ашады (А. Эйнштейн, 1905): Жарыққа тән корпускулалық-толқындық дуализм туралы түсінік орнығады, яғни ол, бір жағынан, толқындық үдеріс, екінші жағынан, фотондар ағымы, яғни корпускулярлық үдеріс екендігі анықталады. Н. Бор- дың зерттеулерінде (1913) кванттық түсініктер атомның ядролық моделін негіздеуде, оның құрылымын, сәулеленуінің спектрін есептеуде табысты қолданылып, атомдық-молекулалық құбылыстардың байырғы теориясын құруға зор септігін тигізеді. Бұл теорияның қайшылықтарын шешіп, оны алға бастыруда Н. Бордың сәйкестілік принципінің рөлі зор болды. Осы принципке және физика тарихынан белгілі оптика-механикалық аналогияға сүйене отырып В. Гейзенберг матрицалық механиканы (1925) жасап шықты. 1926 ж. Э. Шредингер Л.де Бройльдің барлық микробөлшектердің корпускулалық толқындық табиғаты туралы гипотезасын дамыта отырып, атомдық құбылыстар теориясының тағы бір вариантын – толқындық меха- никаны тудырады. Сол жылы Э. Шредингер бұл екеуінің математикалық эк- виваленттілігін дәлелдегеннен кейін, олар бір теорияға – қазіргі кванттық механикаға айналды. Көп уақыт өтпей М. Борн толқындық теңдеудегі y
– функцияның ықтималдылықты түсіндірмесін береді. Кванттық механи- каның пайда болып дамуына байланысты микрообъектілердің реалдылығы,
себептілік, жалпы алғанда детерминизм, статистикалық және динамикалық заңдылықтар арасындағы қарым-қатынас және т. б. мәселелер төңірегінде пікірталас ХХ ғ. бойы толастамай жүріп отырғаны белгілі. Мұнда, әсіресе, А. Эйнштейн мен Н. Бордың арасындағы К.м.-ның гносеологиялық мәселе- лері бойынша орын алған пікірталасын ерекше атап өткен жөн. К.м. пайда болуы А. Эйнштейннің қатынастылық теорияларымен бірге классикалық емес ғылымның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Бұл теориялардың өзара синтезделуіне байланысты теориялық физиканың әлі шешіле қоймаған мәселелерінің өршуі (кванттық электродинамика, кванттық храмодинамика, өрістің кванттық теориясы және т. б.), бірегей өріс теориясын, фундамен- талдық өзара әсерлердің бірегей теориясын құруға деген құштарлық қазір- гі постклассикалық емес ғылымның ең өзекті мәселелеріне айналуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет