Батеш Рахымханқызы Қазыханованың негізгі ғылыми еңбектері: Қазыханова Б. Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті // Қазақ этикасы және эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007. – 495 б.; Казыханова Б. Р. Роль художественнго наследия в эстетическом воспитании. – Алма-Ата : Казахстан, 1967. – 225 с.; Казыханова Б. Возьми в дорогу красоту. - Алма-Ата : Онер, 1985. - 136 с.; Казыханова Б. Р. Пути в мир прекрасного (1990). Байтенова Н.Ж.,
Масалимова А.Р.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ, Ренессанс – Батыс және Орталық Еуропада XІV ғ. – XVІ ғ. мәдениеттің гүлдену дәуірі. Әлемдік сауда байланысы, өндірістің дамуы, әлеум. жағдайдың жақсаруы мәдениеттің барлық саласының прогрессивтік бағытта дамуына ықпал етті. Қ. ө. дәуірінің эстетикалық идеалы жетекші орынға шығарм. тұлғаны шығарды. Рухани және мате- риалдық байлықты бірлестікте қарастырды. Қ. ө. дәуірінің мәдениеті сауда және өндіріс орталығы болған солтүстік және орталық Италияда өзінің классик. формасында көрініс тапты. Адамзат тарихындағы кәсіптік көркемдік шығарм.-тың бір кезеңі Қ. ө. дәуірінен бастау алады.
340
Антикалық идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және ортаға- сырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда болып, кейіннен Еуропаның басқа аймақтарына да таралады – «Солтүстік Қ. Ө-і». Шын мәнінде бұл өтпелі дәуір болды, өйткені, онда ортағасырлық мәдениет пен антикалық мәдениет элементтері ұштасып жатты. Сөйтіп, бұл мәдениеттердің синтезі жасалды, кейіннен осы негізде Жаңа дәуір мәдениеті қалыптасты. Зайырлы мәдениеттің рөлі артады. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманисттер деп атайды: оның өкілдері осы дәуір мәде- ниетіне ой еркіндігі мен сын көзқарасты енгізді. Р. дүниетанымы антро- поорталықтық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы – адам, ал Құдай барлық заттардың бастауы. Қоғам – адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз күш, қабілетін сезіну ретінде көрініс табады. Сондықтан мұнда «алыптар» атанған ірі тұлғалар: Леонардо да Винчи, Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико Делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелла, Эрази және т. б. өмір сүрді. Адамдық әрекет – құндылық деп жарияланды. Адамгершілік дүниені (Құдаймен бірге) жаратушы деп түсініледі. Тән сұлулығына адамға деген қызығушылық қайта жаңғырады. Өнерде адам қуанышы мен бақыт, талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антикалық адам идеалы, сұлулықты-үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жаңғырады.
Достарыңызбен бөлісу: |