Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет326/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   401
Байланысты:
treatise187525

САНА-СЕЗІМ (лат. cum scіentіa – санамен бірге) – әрбір адамның өзінің тіршілігін және әрекеттерін сезінуі. Тіршілік ету аз, сол тіршілік етуіңді сезсең ғана саналы болғаның. Міне, осы қосарлану арқылы адам табиғат заттарынан бөлінеді. Бұл туралы Гегельдің тамаша анықтамасы бар:
«Табиғаттың заттары тура және жалқы түрде тірлік етеді, ал адам болса, ол рух болғандықтан, қос тірлікке иелік етеді. Бір жағынан, ол табиғат заттары сияқты тірлік етеді, бірақ, екінші жағынан, ол өзі үшін де тірлік, өзін өзі зерделеп, өзі туралы ұғым қалыптастырады, өзі туралы ойланады және осы қызметінің арқасында рухқа айналады (Гегель. Эстетика. 1835). Психология тұрғысынан сана бір жағынан жарық сияқты көрінсе (сезінілу дәрежесіне байланысты біздің ойлармыз анық, немесе, анық емес), ал екінші жағынан, ниеттену һәм назар аудару қуатына байланысты. Іс жүзінде сезіну барысы назар аудару күш-қуатын да, ұшқыр қиялды да қажет етеді. С.-с. еске сақтау қабілеті және өз-өзіңді қайта тексеру арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда рефлективтік сана-сезімнің жандануы үшін, әрекет тоқтатылуға тиіс. Егер адамзат тірлігінің ерекшелігі сол тірлікті сезінуге тәуелді десек, сана- сезім үшін де алдымен тірлік керек. С.-с. екі нұсқада тірлік етеді: тұлғалық және қоғамдық. С-с. мазмұны адамның қызметі арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол ниет пен идея ретінде көрінеді. Идея тек қана білім емес, болашақты жоспарлау, практикалық әрекетке бағытталған ұғым. Идеяны жүзеге асыру үшін қайрат керек. Мұқтаждық пен қайрат С.-с. маңызды қосындысы. Әлеммен өзара байланысу арқылы адам оған қарым-қатынасын қалыптастырады. Ол үшін тек ой емес, сезім де қажет.Таным адам ішкі әлемінің қосындылары: мұқтаждық, қызығу, сезім, қайрат, еске сақтау қабілеті – бәріне де кірігеді. Осының бәрі адамды өз-өзін сезінуге, өзіндік С.-с. әкеледі. С.-с. зердеден тыс (бейсаналық) нәрселерге де байланысты. Фрейдизмде зердеден тыс нәрселер табанды түрде санаға қарсы қойылып, адам ғұмырындағы ең маңызды нәрсе деп тұжырымдалады. Бірақ С.-с. басты деп санайтын өзге де көзқарас бар. Зердеден тыс нәрсені санадан бөліп тастауға болмайды. Ол сана қызметінің жемісі. Бұрын санада бар нәрсе зердеден тыс нәрсеге көшеді. Сонымен бірге, адам психикасының тереңіндегі зердеден тыс нәрселер қайтадан С.-с. айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет