Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет349/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Гусейнов А.А., Апресян Р.Г. Этика. – М., 1998; Дробницкий О.Г. Понятие морали: Историко-критический очерк. – М., 1974.


ТАЛИСМАН (грек. telesma – арнаулы, арбаулы) – көне сенім, көне ырымшылдық бойынша иесіне бақ-дәулет әкеліп, жолын ашады, бәлекеттен қорғайды деп сенетін зат, бұйым. Т-ға деген сенім ежелгі сиқыр-дуа, фетишизммен тығыз байланысты.


ТАНАТОЛОГИЯ (грек. мифологиясы бойынша Танатос – өлім құдайы; грек. «logos» – ілім) – өлім туралы ілім Т. адамның өлімге деген қатынасын анықтайды. Өлім – әрбір тіршілік иесін, әрбір тірі жанды қамтитын әмбебап құбылыс. Өлім деп тіршіліктің табиғи түрдегі соңын, аяқталуын айтады. Өлім уақыт ағымындағы барлық нәрселерге: қоғамға, мәдениетке, заттарға, адамдарға тиесілі. Өлімнің түрлері көп. Бір ғана адам өлімінің: физикалық (тәннің ыдырауы), биологиялық (өмірлік маңызы бар органдардың істен шығуы), психикалық (есінен адасу, алжасу), әлеуметтік (қоғамдық- практикалық белсенділігін жоғалту) деген түрлері бар. Өлімге деген қатынас адамдардың тұрақты ұжымдық көзқарастарының, көңіл-күй, эмоциялары- ның бірі. Сөйте тұра өлім ең құпия, ең жұмбақ құбылыстардың (феномен- дердің) бірі. Сондықтан да, адам ойы қашанда өлім мәселесін айналып өте алмайды. Өлім мәселесі философияның классикалық тақырыбы. Сонау Сократтың диалогтарынан басталатын талқылаулар осы қазіргі күнге дейін толастамады. Өлім тақырыбы өлім алдындағы қорқыныш мәселесімен тығыз байланысты. Өлімнен қорқу – тірі жанға, адамға тән қасиет. Бірақ, ол қорқыныштың бертін келе пайда болғандығын қазіргі мәдениеттанулық ізденістер нәтижесі байқатып отыр. Архаикалық мәдениетте өлім адамның рухының, жанының денені тастап кетуі деп танылған. Көзге көрінбейтін бу, ауа сияқты рух салмақсыз, шапшаң, өлмейтін нәрсе деп қарастырылған. Сондықтан да, денеден ұшып шыққан Жан басқа әлемге, о дүниеге өтеді де


455

онда өзінің үйреншікті өмірін ары қарай жалғастыра береді деп ұғынған. Соның нәтижесінде, көптеген мәдениеттерде өліктің жанына оның тірі кездегі киім-кешегін, қару-жарағын, ер-тұрманын бірге қоса жерлейтін болған. Өлім алдындағы қорқыныш-үрей кейінірек өлімді өмірден мүлдем басқаша күй ретінде қарастырудан пайда болады. Енді өлім құдайдың адамға жазған тағдыры тұрғысынан қарастырыла бастайды. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген ұстаным адамдардың панасында орын алған. Өлімнен қорқудың тағы бір себепкері дүниежүзілік діндердің – христиан діні болсын, мұсылман діні болсын – күнәһарлардың о дүниелік тартар азабы туралы түсініктері болды. Өлім туралы ойлану адамды рух және оның мәңгілігі туралы мәселелерге апарып тірейді. Адам жанының өлместігі туралы философтар сонау ертеден бастап ойланған болатын. Платон, Аристотель, Канттан бері қойылған мәңгілік рух мәселесі әлі күнге дейін ғылымның аса өзекті мәселелерінің бірі ретінде танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет