Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет399/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401
Байланысты:
treatise187525

ЭЛИТА ТЕОРИЯСЫ (франц. elіte – үздік, таңдаулы) – қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады. Биол. теориялар бойын- ша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адам- дарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді. Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді. Осы сияқты психик.-аналитик., әлеум.-психол., технократтық және ғыл. теориялар бар. Белгілі бір мәселе- лерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктеріне қарамастан барлық Э. т. үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін – адамдардың табиғи тең еместігі туралы; ғыл.-тех. және әлеум. прогрестің қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың сөзсіз бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өр- кениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін «іріткі күштерді жинақтаған» бұқараның енжарлығы мен аморфтығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.


ЭПИСТЕМА (грек. epіstemos – білім) – нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін белгілейтін тәжірибеден бұрын ерілген тарихи өзгермелі құры- лымдар. Э. ұғымы М.Фуконың «Сөздер мен заттар. Инсаният ғылым- дарының археологиясы» төмендегідей жіктелген: Қайта өрлеу (XVІ ғ.), классикалық рационализм (XVІІ–XVІІІ ғ.), қазіргі Э. (XІX–XX ғ.). Бұл жіктеудің негізі – сөз бен зат арасындағы қарым-қатынас немесе тілдің мәдениеттегі маңызы. Қайта Өрлеу кезеңі үшін сөз бен зат арасында сәйкестік тән, яғни, тіл зат арасындағы зат, классикалык рационализмде тіл ой әйгілеудің құралы, қазіргі кезде тіл өзара дербес күш. Фуконы әртүрлі әңгімелеу рәсімдерінің мүмкіндік аясы қызықтырады. Ол сана мен мәдениеттің түрлі дәрежелік жүйесінде әйгіленетін құрылымдар мен тәуелділіктерді қалтықсыз қағазға түсіруге тырысады. Таным ақылға сиымды құндылықтар мен дербес қалыптардан тыс қарастырылады. Зерттелуге тиісті нәрсе өрлеу, өңделу барысындағы танымның тарихы емес, оның мүмкіндік кеңістігінің тарихы. Фуконың пікірінше зерттеудің нәтижесінде «тәжірибелік танымның алуан түрлі нұсқасын келтірген білім кеңістігінде пайда болатын кескіндер әйгіленуге тиіс. Мәселе дәстүрлі ұғымдағы тарихтан гөрі археология ұғымына жақындау». Э. мен парадигма белгілі дәрежедегі ұқсастық пен айырмашылық бар. Бұл екеуі де белгілі кезеңнің құрылымдық ерекшелігіне мегзейді. Бірақ егер парадигма ғылымдар арасындағы тәртіп негізіне сүйенсе, Э. танымдық ұстанымның мәдени-тарихи шекарасын ашып береді.


ЭПОС (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің тегі. Э-тың жанрлары:аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, роман-эпопея; 2) ауыз әдебиетіндегі генеол.-эпикалық жанрлар: батырлық, қаhармандық,тарихи жырлар, қисса-дастандар. Э-та оқиға баяндау тәсілімен беріледі және
бүкіл бір кезең, дәуір кеңінен қамтылып,эпикалық тыныста жан-жақты суреттеледі. Әлемдік Э-тың үздік үлгілері – «Илиада», «Одиссея»,
«Махабхарата», «Манас», жазба әдебиетіндегі ірі Э-тық шығармалар, Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», М. Әуезовтің «Абай жолы» т. б. Эпостық жырдың көлемі өте ауқымды болады. «Манас» жыры сияқты бел- гілі каһарманның өміріне құрылып, кейін оның арғы тегі, тарихын, оқиға- ларды тізбектеп, циклдік жүйемен ұзақ баяндалуы мүмкін. «Қырымның қырық батыры» деген қазақ жырын алсақ, онда тұтас бір дәуірдің ұрпақ ауысу арқылы жырланғанын көреміз. Сонымен қатар эпостық жырда қиял-ғажайып ертегіге ұқсас құбылыстар кездеседі: батырлар суға салса батпайды, отқа түссе күймейді. Батырдың аты да, қаруы да, әйелі де киелі. Әсіресе, батырдың аты мен әйелі оның ақылы мен икемділігінің бейнесі іспетті.


ЭТИКА (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. «Э.» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы»,
«Үлкен этика») атауына кірген. Аристотель Э. жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Э-ның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Э. – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Э-лық ой- толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан- жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана- философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Э. ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан- жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Э. ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.


ЭТНОС – этникалық қауымдастық. Э. термин ретінде б.з.б. VI–V ғ-ларда Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді және ХVІІІ ғ-ға дейін ғыл. айналымға ене қойған жоқ. XIX ғ-дағы ғыл. әдебиеттерде ол «халық» мағынасында пайдаланылды. Э. түсінігінің ғыл. анықтамасын неміс этнологы А. Бастиан, орыс ғалымы С.М. Широкогоров жасауға ұмтылды. XX ғ-дың 60-жылдарына дейін кеңестік ғылымда этнология дербес ғылым статусын иемденбегендіктен Э. термині мүлде қолданылған жоқ. Кейіннен 1960–70 ж. кеңестік зерттеушілер С.А. Токарев, Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, т. б. тарапынан Э-тың ғыл. мән- мағынасы мен қолданыстағы орны нақтыланды. Қазіргі таңда Э-қа өзіндік жалпы белгілері мен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеум. қауымдастығы ретінде баға берілген.


ЮМ Дэвид (26.04.1711, Эдинбург, Шотландия, – 25.08.1776, сонда) – Ю ағылшын философы, тарихшы, экономист, публицист. Ю. жаңаеуропалық агностицизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында
тұрды. 1739–40 ж. «Адам табиғаты жайлы трактатын» жариялады. Отанында Ю. «Эссе» (1741) атты қоғамдық-саяси, моральдық-эстетик. және экон. тақырыпқа арналған еңбегімен, ал, Францияда «Діннің негізгі тарихы» шығармасымен кеңінен танылды. Психик. детерминизм тұрғысынан ерік- жігер бостандығын жоққа шығарып, Беркли дамытқан субстанция сынын қолдана отырып, рухани субстанция ұғымын сынады. Социологияға байланысты пікірлерінде Ю. «билік құдайдан» деген ежелден келе жатқан идеяға да, мемлекеттің шығуына байланысты өз заманындағы басқа пікірлерге де қарсы болды. Ю-нің пікірінше қоғам отбасылардың ұлғайып өсуімен пайда болған саяси билік немесе халық бағынып үйренген «әскери билік». Оның заңдылығын билікте ұзақ уақыт тұруымен және жеке меншікті қорғай білуімен анықтауға болады. Ю-ның позитивистік идеяларының ықпалымен ХІХ–ХХ ғ-ларда эмприокритицизм, неопозитивизм, лингвист. философия сияқты позитивистік ілімдер дамыды.
ЯН мен ИНЬ – дәстүрлі қытай мифологиясының һәм философиясы- Я
ның басты космологиялық түсініктері. Бұлардың ең жалпы мағынасы, Я.

  • аспани дүниеге сілтесе, И. – жердегі әлем. Бұлардың қосарланған бол- мысы және жұп жазбауы бүкіләлемдік процесстердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Я. мен И-ге дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар И. менен Я. Төмендегі- дей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарқын, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте-бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Я. мен И. – жеңіл аспани және ауыр жер субстанциясы. Әсіресе, Я. менен И. қарым-қатынасын және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпы мен қатар жалқыны да қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы «И-Цзин» (Өзгеріс кітабы) құрылған. Барлық әлемдік даму Я. менен И. қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Я. тұтас горизонталды, ал И. үзік сызық ретінде бейнеленеді. Олардың жұптары 64 гексаграммаға біріктіріледі. Гексаграммадағы әрбір сызық оқиғаның дамуын көрсетеді. Я. менен И. байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісі мен болашағын тануға талпынған. Себебі Я. мен И. космос пен адамзаттың барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш ци-ге ықпал ету арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қоснұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама-қайшы күштердің қарым-қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап, оның саяси-әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді. Іс жүзінде мұнда ешбір метафизикалық түсініктің нышаны да жоқ. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі И-Цзинның өте үлкен беделділігі Я. менен И. ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет