Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мец А. Мусульманский ренессанс. – М., 1966; Т. Ғабитов (ҚҰЭ



бет53/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мец А. Мусульманский ренессанс. – М., 1966; Т. Ғабитов (ҚҰЭ
405-бет). Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007.


АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ – Орта ғ-да мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдері- нің жүйесі. А.ф-ның шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қыз- метімен байланысты. ІХ ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және философиялық ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. А.ф. кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т. б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мыс: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әли ибн Сина – оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сиымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, ХІІ–ХІІІ ғ-да араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (ІХ ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі – оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопедиялық еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім – шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Қ.А. Яасауи, ибн Араби т. б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі – Әбу-л- Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.
Араб тіліндегі философияны ғылымда «фәлсафа» деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгеші- лігі – ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жаса- ған. Бұл – грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философияның тарихи маңызы – Ф. Бэконнон (1561–1626) Спинозоға (1632–1677) дейінгі мерзімді


72

қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде- ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.


Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. ІХ–Х ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты Х–ХІ ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқан, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332–1406) есімін ғана атаймыз. А.ф. тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет