Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет165/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ДУЛАТОВ Міржақып (1885–1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушы- сы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Д. 1885 жы- лы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897–1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақып- тың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ірге- тасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылып, жетім қалған Д. М. бұдан кейін Асқар деген аға- сының тәрбиесінде болады. 1902 жылы, уездік мектепті бітірген соң, ең- бекке араласады. Біраз жыл ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 жылы


221

Д. М. Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбаса- ры ретінде жұптарын жазбайды. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін, бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды. Мақала- да Д. М. қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себепте-рін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Д-тың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922–1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялы- ларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұт- қында қайтыс болады. Д-тың алғашқы кітабы – «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер кітаптары басы- лып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы – ел тағдыры болды. Д. М. проза жанрымен де айналысады. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын «Есеп кұралы» оқулығын бастырады. «Балқия» пьесасын жазады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996–1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді. Д. шы- ғармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.




ДУН Чжуншу, б.д.д. 190 ж. немесе 179 ж., – б.д.д. 120 немесе 104 ж. қазіргі Хэбэй провинциясындағы Хэншуй уезді) – философ, мемлекет қызметкері, конфуцийшілікке мемлекеттік идеология сипатын берген «Хань дәуірінің Конфуцийі», «жаңа мәтіндер мектебінің» көшбасшыларының бірі. Шенеуінік қызметіне алу үшін конфуциандық канондар бойынша емтихан алуды бірінші болып енгізген. Император мектебінде сабақ берген, Сыма Цяньнің ұстазы болған. Д.Ч. идеялық мұрасы 82 философиялық және әлеуметтік- саяси эсселер, оларды құрастушылар «Чунь цю фань лу» («Көктемдер мен күздердің мол шықтары») деп атаған. Конфуцийшылдықтың шекарасында жоғары дәрежедегі натурфилософия жасады, онда даосизм мен иньян цзя


222

идеяларын қолданды. Д.Ч. бойынша, әлемде барлығы «алғашқыбастаудан» («алғашқысебеп» – юань, «Ұлы Шектік» (тай цзы) тәрізді) пайда болады, ол «пневмадан» (ци) пайда болады және даоға бағынады. Даоның әрекеті қарама-қарсы күштер инь мен янның кезектесіп ауысуымен және «бір-бірін тудырып отыратын» «бес элементтің» (у син) циркуляциясы арқылы іске асады. Бірінші рет инь ян және у син екілік және бестік классификациялық құрылымы бүкіл универсумды қамтитын біркелкі жүйеге біріктірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет