Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Нысанбаев Ә. Математика және дүние тану. – А., 1973



бет263/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Нысанбаев Ә. Математика және дүние тану. – А., 1973;
Новиков П.С. Элементы математической логики. – М., 1959; Гудстейн Р. Л. Математическая логика. – М., 1961; Карри Х. Основания математической логики. – М., 1969; Стяжкин Н.И. Формирование математической логики. – М., 1967; Черч А. Введение в математическую логику.– М., 1960. Т. 1.


ЛОГОС (грек. logos – ұғым, ой, сана) – көне грек философиясында бәріне ортақ заңдылық, рухани бастау, әлемдік сана, абсолютті идея. Грек философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Заң мен тәртіп ретіндегі Л. туралы Гераклит былай дейді: бәрі де логос бойынша жасалады, ол мәңгі, жалпыға бірдей және қажет нәрсе. Кейбір философтар Гераклиттің логосын жалпыға бірдей парасатпен орынсыз теңдестірді. Платон мен Аристотель Л-ты болмыс заңы ретінде де, логикалық принцип ретінде де қарастырды.


359

Стоиктерде физ. және рухани дүниелер заңы белгіленді, өйткені олар пантеистік бірлікпен қосылады. Филон, Платон идеяларының жиынтығы ретіндегі, сондай-ақ жасампаздық құдірет күші құдай мен жаратылған дүние және адам арасындағы делдал ретіндегі Л. туралы ілімді дамытты. Неоплатонизм мен гностиктерде, бертінірек христостарға барабар етілген христиан әдебиетінде, схоластарда Л-ты осыған ұқсастырды. Жаңа заманда Гегель Л-ты өзінің философиясында абстрактілі ұғым деп атады. Россиядағы діни идеалистік философияның өкілдері ұлы құдіретті Л-ты қайта түзетуге тырысты. Шығыс философиясындағы дао және белгілі бір мағынада дхарма осы тақілеттес Л-тар болып табылады.




ЛОКК Джон (1632–1704) – ағыл. философы. Л-тің еңбектері Англия- дағы қайта жаңғырту дәуіріне жатады. «Адамның ақыл парасаты туралы» (1690) атты негізгі еңбегінде Гоббстың номинализмінің және Декарттың рационализмінің ықпалымен шиеленіскен эмпиризмнің таным теориясын дамытты. Декарттың туа бітті идеялар туралы ілімін теріске шығарған Л. тәжірибені барлық идеялардың бірден бір көзі деп жариялады. Идеялар не сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде (сезіну идеялары), не жанның жай күйіне және қызметіне бағытталған назардың нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялары). Соңғысы субъективизмге жақындады. Сезіну идеялары арқылы біз заттардағы не бірінші, не екінші сапаны қабылдаймыз (Бірінші және екінші сапалар). Тәжірибеден алынған идеялар тек білім үшін материал, бірақ әлі білімнің өзі емес. Білімге айналу үшін идеялар материалын парасат қызметі өңдеуі тиіс, бұл қызмет сезінуден де, рефлексиядан да өзгеше және теңеуден, сөз тіркесінен және дерексіз ұғымнан (абстракциядан) тұрады. Осы қызмет арқылы қарапайым идеялар күрделі идеяларға айналады. Л. Гоббстан кейін тілді жалпы білім мүмкіндігінің шарты деп есептейді. Білімді екі идеяның бір біріне сай келуі (немесе сай келмеуін) ретінде айқындаған Л. ойымен зерделенетін білімнің бәрін, яғни идеялардың сай келуін парасат арқылы қарауды дұрыс деп есептейді. Керісінше, тәжірибелік білім тек қана ықтимал білім, онда идеялардың сай келуі тәжірибе факторларына сілтеме жасау арқылы қаралады. Біздің сыртқы заттардың өмір сүруіне сеніміміз сезімге сүйенеді. Білімнің бұл түрін (сенситивтік) Л. қарапайым ықтималдықтан жоғары қойса да, оны оймен зерделенетін білімнен төмен қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет