Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет22/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Портрет
Портрет
– шығармаға қатысушылардың (нәрселердің 
де) сыртқы тұрпатын, түрін, түсін, кескінін-келбетін, пішінін, тұлғасын 
жүріс-тұрысын суреттеу. Махамбет Исатайды:
Садағына сары жебені салдырған,
Садағының кірісін,
Сары алтынға малдырған. 
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына,
Тауықтың жүнін қондырған.
Маңдайына сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан, –
деп, портретін осылай береді. Махамбеттің Исатай портретін бұлай 
жасауы да оның негізгі мақсатымен ұштасып жатыр. Иса тай образы – 
ұнамды образ. Ендеше оның портретін де оқушы сүйсініп оқығандай, 
«па шіркін, өзі де жігіт екен!» дегендей етіп суреттейді. Сонымен қатар 
ақынның өзі оны аса сүйгендігі де анық көрінеді.
Жазушы қаһарманның портретін кейде кең түрде бір жерде тоқтап 
суреттейді. Кейде қаһарманының амалын, басында болған күйінішін-
сүйінішін жазып отырып біртіндеп, портреттің әр бөлшегін әр жерде 
көрсету әдісімен жасайды. 
Портрет
(французша – portrait) деген термин 
әдебиеттегі портрет пен живописьтегі портретті салыстыруды керек етеді. 
Шынында, әдебиетте адамның не басқа нәрсенің келбетіне кең тоқталып, 
суретін бұлжытпай қойған портреттер көп («Аттың сыны», «Қыз сыны» 
– Абай), бірақ әдебиеттегі портрет пен живопистегі портреттің үлкен 
айырмасы бар.
Живопистегі портрет қимылсыз, қозғалыссыз, ал жазушы адамды 
қимыл, қозғалыста етіп суреттейді (ол қаһарманның жүріс-тұрысын, 
дауысын және қалай сөйлейтінін де суреттейді).
Жазушы – адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп 
беру үшін теңеу, эпитет, метафора, т.б. бейнелеу құралдарын қолданады. 
Живопистің портрет жасаудағы қолданатын құралы басқаша.
Мінездеу.
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен 
қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге 
көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны 
мінездеу 
дейді.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады, өйткені әдеби 
образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің 
шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар, шығармада әдеби мінез 
жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол сандаған мінездердің 
жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, 
әбден екшелініп алынған мінездердің сіріндісі.


45
Портрет сықылды, мінездеулер ылғи бір жерде емес, оқиғаның 
дамуы, қаһармандардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты 
шығарманың әр жерінде берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет