126
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз
сары қамқаны,
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне, –
деп Абай жай қолданып отырған жоқ. «Сары алтынға» құнды сөзіне
жұрттың көңілін аудару үшін қолданып отыр. Дыбыс қайталақтаудың өзі
бір дыбысты қайталап көп қолданушлық,
шығарманың алдына қойған
мақсаты, автордың айтайын деген ойына байланысты болады.
Кіл дауыссыз дыбыстарды көп қайталақтауды
аллитерация
деп
атайды. Көп қайталақтайтын дыбыстар дауысты дыбыс болса,
ассонанс
деп атайды.
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан
туған асылды
Баптап мінер күн қайда?!
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атқан оғы Еділ,
Жайық тең өткен,
Атқанда қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан!
Арыстан еді-ау, Исатай!
Бұл пәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!
(Махамбет)
Бұл үзінділердің бәрі де ассонансқа жатады. Дыбыс қайталаушылық
өлең, көркем қара сөздерге заңды нәрсе. Пушкин, Абай, т.б. классик
ақын, жазушылардың қай-қайсылары болсын дыбыс қайталауды
қолданған. Айтайын деген ойына лайықты образ қолданумен қатар, әр
жағдайға тән, суреттейін деген құбылыстарына керекті дыбыстарды
қолдану арқылы да оқушыларына әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: