Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет122/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

(ра-а-ра
); осыған 
сәйкес метрикалық жүйенің бірнешс түрлері бар. Басты-бастылары – 
ямб, хорей 
(трохей), 
дактиль, амфибрахий, анапест, антипаст, бакхий, 
антибакхий, амфимакр, екі түрлі
(көтеріңкі, бәсең) 
ионик, пиррихий, 
спондей, тримакр, дипиррихий, диспондей, гекзаметр, пентаметр, 
триметр, төрт түрлі пеон, төрт түрлі эпитрит т.б.
Әдетте, 
әдебиетшілер созымды буынға бір белгі – 
сызықша
(–), созымсыз буынға 
бір белгі – (v) қояды да, әлгілердің әрқайсысының бунағын анықтайды: 
ямб – v, хорей – v, дактиль –vv, амфибрахий v–v, анапест vv–... Бірақ біз 
мұндай пішінпаздықты о бастан онша қол көре қоймағандықтан, бұл 
жолы да ежіктеп жатқымыз келмейді.
Л.И.Тимофеев жер бетіндегі жұртқа мәлім өлең жүйелерін 
санды


203
(квантитативті) һәм 
сапалы 
(квалитативті) екі топқа бөле келіп, 
метриканы бірінші топқа жатқызыпты
59
, сірә, бірыңғай дыбыс санаған 
тым пішіншіл сипатына қараған-ды. Біз де соған қосылып, саннан сапаға 
қарай ойысқанымыз дұрыс болар.
Әр елдер әдебиетіндегі 
силлабикалық
(грекше 
sillabe 
– 
буын
) өлең 
жүйесінің туу тарихы осындай. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең 
шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ та буынға 
негізделеді.
Силлабикалық жүйе – бағзы бір әдебиеттерде әншейін өткінші ғана 
құбылыс. Орыс ақындары (С.Полоцкий, А.Кантемир, Ф.Прокопович, 
В.Тредиаковский, т.б.) бұл жүйемен XVI ғасырдың аяқ жағынан бастап 
жазды да, XVIII ғасырдың бас жағында силлабо-тоникалық жүйеге 
көшті. Демек, силлабикалық өлең жүйесі екпіні аумалы-төкпелі тілдерде 
емес, сөз тіркестерінің буын сапалары бірдей, дыбысталу әуендері ұқсас 
тілдерде ғана тұрақты. Айталық, ежелден екпін, акцент дегендері көп 
құбыла бермейтін, құбыла қалған күнде де осылардың өзін онша бұйым 
көрмейтін чех, поляк, серб, итальян немесе француз өлеңдері секілді, 
қазақ өлеңі де силлабикалық өлең (бұған біз сәл кейін – буын жайын сөз 
еткен тұста тоқталамыз 
– З.Қ.).
Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің 
бірі – орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан (XVIII ғ.) 
кейін ресми ат алып, айдар таққан 
тоникалық
(грекше 
tonos
– 
екпін
) яки 
акцентті
(латынша 
accentus 
– 
екпін
) өлең. 
Бұл өлеңнің өлшемі
– 
екпін:
ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер 
силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса
тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін 
түспейтін буындар есептелмейді. 
Сапалы (квалитативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте 
тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – 
силлабо-тоникалық 
өлең. 
Бұл өлеңнің өлшемі– әрі буын, әрі екпін
:
ырғақ пен шумақ, тармақ 
пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын 
мен екпін бірдей есепке алынады. Бұл жүйенің әр бунағындағы екпінді, 
екпінсіз буындар метрикалық жүйедегі созымды, созымсыз буындарға 
сыбайлас, сондықтан мұның негізгі түрлері де сол антикалық атаулармен 
аталып, белгілері де сол ретпен – екпін түсетін буынға сызықша (–), екпін 
түспейтін буынға доға (v) қойылып жүр.
Орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлеңнің басты-басты бес түрі 
бар. Солардың үлгілерін ұсынайық.
Ямб
(v–), дыбысталу түрі – 
вода,
әр тармақтың екпін түсетін буындары 
– 2, 4, 6, 8, т.с. мысалы: 
Мой дядя самых честных правил...
59
Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. М.: Просвещение, 1966. стр. 300.


204
Хорей
(–v), дыбысталу түрі – 
воды,
әр тармақтың екпін түсетін 
буындары – 1, 3, 5, 7 т.с.с., мысалы: 
Мчатся тучи, вьются тучи...
Дактиль
(–vv), дыбысталу түрі – 
водами,
әр тармақтың екпін түсетін 
буындары – 1, 4, 7, 10 т.с., мысалы: 
Месяц зеркальный плывет по лазурной 
пустыне...
Амфибрахий
(v–v), дыбысталу түрі –
железо,
әр тармақтың екпін 
түсетін буындары – 2, 5, 8, 11 т.с., мысалы: 
Гляжу как безумный на 
черную шаль...
Анапест
(vv–), дыбысталу түрі – 
железа,
әр тармақтың екпін түсетін 
буындары – 3, 6, 9, 12 т.с., мысалы: 
Надрывается сердце от муки...
Осы үлгілерден-ақ көрініп тұр, бунақ жағынан мөлшерлесек ямб, 
хорей – екі буынды, дактиль, амфибрахий, анапест – үш буынды 
өлшемдер тобына жатады. Әр топтың өзіне тән өзгеше ырғақтары бар.
Сөйтіп, жалпы өлең жүйелерін жоғарыдағыша бір шолып өткенде, 
нс аңғардық? Қазақ өлеңі – силлабикалық яки буынға нсгізделген өлең 
екенін аңғардық. Олай болса 
буын мәселесі 
– 
қазақ өлеңінің құрылысын 
байыптаудағы басты мәселе.
IV
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ 
өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңді өлең 
ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. 
Қазақ өлеңі
қашаннан силлабикалық өлең, қазірде де солай
.
Мұндағы 
буын атқарар рөл бұрынғыдай. Қазақ өлеңінің мазмұны мен пішінін жеке 
алып зерттейтін арнаулы ғылыми еңбектердің
60
бәрінде буын мәселесі 
айрықша сөз болатыны да сондықтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет