Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет163/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Мыңмен жалғыз
да келісті, терең мағыналы шендестіру-антитеза. 
Мұндағы 
жалғыз
басқадан ойы озық, батыл күрескер бейнесін көрсетсе, 
мың
оған қарсы кертартпа топты, надан, топас қауымды жақсы елестетеді, 
олардың көптігін, ескішіл күштердің тамыры терең жатқанын аңғартады. 
Осындай кертартпа адамдардың бейнесін Абай «өзі ермей, ерік бермей» 
деп сипаттау арқылы да шебер көрсетті. Осылармен жалғаса келгенде 
«Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей», «Қаны қара бір жанмын, жаны 
жара» деген сипаттамалар зор қоғамдық мағынаға ие болады. Ұлы мұрат 
үшін күрескен ойшыл ақынның бейнесін толықтырып, айқындай түседі.
Ұлы ақынның өзі өмір сүрген ортаны, кері тартқан ескілік 
шырмауынан шыға алмаған ел-жұрт бейнесін аскан көркемдік 
шеберлікпен суреттейтінін басқа өлең нұсқаларын мысалға ала отырып 
та толық дәлелдеуге болады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың.
...Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді 


293
Аузымен орақ орған еңкей қыртың, 
Өзімдікі дей алмай өз малыңды 
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың...
Осындағы әр сөз, бейнелеу үлгісі мейлінше терең мағыналы, әрі ой-
сезімге толы. «Қалың елім, қазағым» деп сөзді арнайы қаратып айтудың 
өзі, «қайран жұртым» дегендегі 
қайран
деген бір ғана 
эпитет
халықтың 
мұңын мұңдап тебіренген ақынның көңіл күйін қаншалықты айқын, 
әсерлі жеткізіп тұр. «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген сипаттама 
ел тұрмысының жөнге келмегенін шебер бейнелеп көрсетсе, «Бірі май, 
бірі қан боп енді екі ұртың» деп сипаттауы халық өміріндегі шиеленіскен 
қайшылықтарды анық елестететіндей 
көркем символға
айналған.
Абай шебер тауып қолданатын бір ұтымды әдіс – кедейдің, жалшының 
аянышты халін олардың баласының жай-күйін су реттеу арқылы көрсету. 
«
Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін: Ет әпер!
» деп 
қыңқылдап.
Шешесінен тамақ сұрап жылайтын аш балалар – «шиеттей қызыл 
қарын, үрпек бастар» Сұлтанмахмұттың «Кедей» дастанында да арнайы 
айтылады. Мұның да кедейдің жанашырлық күйін ашып көрсетуде зор 
мәні бар.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» атты өлеңінде де Абай 
жалшы-кедейлердің хал-жайын суреттегенде жалшы баласы туралы 
көбірек айтады.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, 
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы... 
Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып, 
Бала шықса, асынан үзіп-жұлып. 
Ық жағынан сол үйдін ұзап кетпес, 
Үйген жүктің күн жағын орын қылып... 
Асын жөндеп іше алмай қысылады 
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.
Жалбыр – жыртылып, жалбыраған, тозған киім жоқтықтың, кедейліктің 
белгісі, сондықтан бұл сөз ауыспалы мағынасы бар, метонимия түрінде 
жасалған көркем бейне болып шыққан. Ол кедей баласының тұлғасын, 
оның ауыр, аянышты халін анық, дәл танытады. Абайдың тағы бір 
шығармасында кездесетін осыған ұқсас метонимиялық сипаттама-бейне 
«жағалайды әркімді жыртық киім» дегендегі 
жыртық киім
. Мұның 
жыртық киім киген адам деген мағына беретінін түсіну қиын емес. 
Мұндағы көңіл қоярлық нәрсе – осындағы айту әдісі, киімін айту арқылы 
кісінің кескін-тұлғасын суреттеудің өте ұтымды шыққаны. Бұл арада 
жыртық киім адамның әлдеқандай жәй ғана бір сипаттамасы емес, сол 


294
адамның балама бейнесі рәуішті болып тұр. Сондықтан ол құр сүлдері 
жүрген панасыз, қайыршы адамның ая нышты халін жақсы байқатады.
Кедейдің тұрмыс жайын суреттеудегі Абай салған із Сұлтанмахмұт 
поэзиясында толыса келіп, үлкен арнаға айналды. Дарынды ақын 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет