341
табиғатынан туатын бір ерекшелік – ұйқаста бірімен-бірі үйлесетін
сөздердегі (
шырақ – бұлақ
) буынға буынның сәйкес келуі, соңғы
буын мен соңғы буын (...
рақ –...лақ
), оның алдындағы буын сәйкес
буынмен (
шы... – бұ...)
үндесетіні.
Қазақ өлеңінде үйлесетін сөздер буын саны жағынан тең бол са,
ұйқасқа түгелдей кіреді. Мысалы
: ұнасымы – жарасымы – таласуы;
шырақ – бұлақ
. Ал, егер бір сөздің буын саны көбірек болса, мысалы,
жоғарыда келтірілген 2 буынды сөздермен (
шырақ – бұлақ
) 3
буынды
сөз (
қысырақ
) үйлесіп келсе, онда ұйқасқа соңғы 2 буын ғана кіреді.
Ләйлім шырақ дегенге, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын,
жіп болсын, неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ.
(Біржан)
Өлеңнің ұйқасы 2 буынды:
шы-рақ – бұ-лақ – (қы) сы-рақ
. Басқаша
айтқанда бір-бірімен үйлескен сөздердің қысқарақ сөзі неше буынды
болса, ұйқас та сонша буынды болады. Егер өз ара үйлескен сөздердің
ішінде бір буынды сөз кездессе, ұйқас та бір буынды, ал ең қысқа
сөз екі буынды болса, ұйқас та екі буынды болуы ықтимал. Жырдың
соңғы бунағы үнемі 3 буынды болғандықтан, ұйқасы да көбінше 3
буынды болады. Поэзия нұсқаларында 3 буыннан ұйқасатын үнділік,
әуезділігі күшті сөздерді қолдану өте жиі кездесетінін көреміз.
11 буынды өлең өлшемін алсақ, мұнда соңғы бунағы 4 буынды
ұйқастарды қолдану көбірек.