Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


ІІІ ТАРАУ  ҚАЗІРГІ ПОЭЗИЯДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР



Pdf көрінісі
бет203/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
ІІІ ТАРАУ
 ҚАЗІРГІ ПОЭЗИЯДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР
Қазіргі поэзиялық шығармалардың бұрынғы ауызша айтылатын 
өлеңнен біраз сапалық өзгешеліктері бар. Көптеген ақын туындыларында 
шумақтағы өлең тармақтарының біразын бөлшектеп келтіру, ұзын 
тармақтарға қысқа тармақтарды араластыру орын алып жүр. Осының 
мәнісін тереңірек түсінуіміз қажет. Жаңалықтың түп-негізі өлең-жырды 
бұрынғыдай белгілі әуенге келтіріп, термелеп ай тып әндете оқымай, 
тақпақтап оқуға, сөйлеу интонациясына лайықтап жазуға беттегендік. 
Термелеп айтатын өлеңде сөйлемдердің интонациялық, синтаксистік 
құрылыс-қалпында ұқсастық, біркелкілік басым болса, енді өлең сөздегі 
сөйлемдерді интонациялық-синтаксистік құрылысы жағынан неғұр-
лым түрлендіріп, әр қилы етіп келтіру қажеттігі туып отыр. Өлеңде 
ұзын тармақтар мен қысқа тармақтарды араластыру, сол секілді кейде 
ұзын тармақтарды бірнеше бөлшекке бөлу де осы мақсатты іске 
асыруға бағытталған амал-тәсілдердің бірі болатын. Ал бұған сөйлемнің 
бөлшегін бір тармақтан екінші тармаққа тасымалдау, екі сөйлемнің 
шекарасын тармақтың соңына келтірмей, орта тұсына келтіру, жеке сөз, 
қысқа сөйлемшені күшті пауза – дауыс кідірісі арқылы үзіп айту секілді 
тәсілдерді қоссақ, өлеңде сөйлеу интонациясының ерекшеліктерін 
барынша толық жеткізу мүмкіндіктері мол екенін аңғарамыз.
Өлең ырғағын түрлендіру әрине, оңай емес. Маяковский өлеңдерін 
аударғанда қазақ ақындары 11 буынды өлшемді алып, өлең тармағын 
бөлшектеу тәсілін қолданды. Осының өзі оқта-текте ғана болмаса, 
ұтымды шықпайды, себебі мәселе тармақты құр ұсақтап бөлшектеуде 
еместігі, же ке сөз, қысқа сөйлемшелердің жекеленіп, салмақпен айтылуы 
арқылы өлеңде сөйлеу интонациясының өзіндік ерекшеліктерін жеткізу 
қажет екендігі ескерілмеді. Өлең өрнегіне жаңалық енгізу, қалыптасқан 
үлгі-өрнекті өзгеше қолдану тапқырлықты, талғампаздықты, тілдің 
құрылысын, табиғатын, ырғақ-үн байлығын жақсы сезінушілікті, үлкен 
ақындық шеберлікті қажет етеді. Кейбір ақындардың бұрын ешкімде 
кездеспеген өрнекті қолданып, оқушыны тамсантып, таңырқату ниетінен 
туатын жасанды шумақ, өлшем, ұйқастарының поэзия да орнығып, 
тұрақтай алмайтыны да сондықтан.
Бүгінгі поэзиямызда өлең жүйесінің байып-толысуы өзекті 
мәселелердің бірі. Өлеңнің құрылысын, жеке өлшем-өрнектерді қандай 
тәсілдермен, қай бағытта өсіріп, жетілдіруге болады? де ген мәселе жан-
жақты зерттеуді, байсалды ойласуды қажет етеді.
Поэзияға енгізілген қандай да бір тың үлгі-өрнек, өлшемге 
қалыптасқан белгілі өлшемдерді жоққа шығарғандық деп қарайтын 


375
жаңсақ түсінік ара-тұра бой көрсетіп жүр. Бұл тұста бірнеше жәйт 
ескерілмейді. Алдымен, сол өлшем-өрнек қалайда орныққан өлең 
түрлерімен құрылысы жағынан негіздес бо лады; өзгеше өріліп, мүлде 
бөлекше сипат алғанымен, ұлттық өлең жүйесінің заңдылықтарына 
сәйкес жасалады. Екіншіден, жаңа үлгідегі өлең неғұрлым күрделірек 
құрылса, даралық қасиеттері де соғұрлым мол болады. Оны ұтымды 
жерін та уып қолдануға керек. Үшіншіден, әдебиетке бір тың үлгі-өрнек 
енгізу үшін әбден сыннан өткен, кең таралған басқа өлшем-өрнектерді 
құрбан етудің ешбір қажеттігі жоқ. Біреулер ұнатып, біреулер мүлде 
қабылдамайтын кейбір жекелеген өлшем-өрнектер болатыны ақиқат. 
Алайда, қай-қай ақын да соқпай кете алмайтын поэзияда белді орын 
алған өлшем, өрнектердің орны бөлек. Бұлар: 11 буынды, 7-8 буынды 
өлшемдер, төрт тармақты шумақ, т.б. көптеген үлгі-өрнектер.
Тегінде поэзияда, әдебиетте суреттеу тәсілдерін, тіл құралдарын, 
өлең өрнектерін байыту, молықтыру қажет екені күмәнсыз, бірақ ақын 
бір үлгі-өрнекті қызықтап қолданғанда басқаларынан түгелдей бас 
тартуға міндетті емес. Бір ақын белгілі үлгілерді көбірек құнттап, жиірек 
пайдаланса, өзге ақындар тағы бір үлгі-өрнектерге әсіресе мән беретінін 
де ескеру керек.
Қазақ поэзиясындағы 11 буынды, 6 буынды, тең буынды өлең 
түрлерінің өзгешелігін, өзіндік сыр-сипатын терең байыптау қажет. Өлең 
тармақтарының буын саны бірдей болса-ақ болғаны, ол қалайда бір 
сарындылық туғызады деп ойлау қисынсыз. Өлең тармақтарының көлемі 
(буын саны) біркелкі болуы барлық тілдерде ұнамды бола бермейтіні 
талассыз, бірақ қандай да болсын өлең жүйесіне басқа тілдің негізінде 
қалыптасқан түсініктер тұрғысынан қарауға болмайды. Өлең құрылысы 
халық тілінің табиғатына толығынан сәйкес болса ғана, ол тілдің барлық 
қуатын, әуезділік-үнділігін бойына сіңіре алса ғана, берік орнығады. 
Жеке өлшемдердің, шумақ түрлерінің айталық, ырғағы еркіндеу өлең 
өрнектерінің, бұрынырақ не кейінірек қалыптасу, таралуы тарихи-әдеби 
процеске, соның ішінде жазба әдебиеттің қай кезде, қандай дәрежеде 
дамуына байланысты.
Өлеңнің буынға негізделіп құрылуы өлеңдегі барлық тармақтардың 
буын саны үнемі бірдей болуы шарт емес. Қазақ поэзиясында ежелден ең 
жиі қолданылып ке ле жатқан екі өлшемді – 11 буынды өлең мен 7-8 бу-
ынды жыр түрін алсақ, бұлардың біреуінде тармақтардың көлемі, буын 
саны біркелкі де, ал екіншісінде бірде 7 буын, бірде 8 буын болып ауысып 
түсіп отырады. 11 буынды өлеңде тармақтардың жалпы саны үнемі 
бірдей болғанымен, олардың ішкі ырғақ-құрылысы өзгеріп отыруының 
да (3 буын + 4 буын + 4 буын немесе 4 буын + 3 буын + 4 буын), сөз жоқ, 
үлкен мәні бар.
Кейінгі ғасырлардағы қазақ поэзиясында әркелкі тармақтар аралас 


376
қолданылатын өлшемдер аз еместігіне Абай, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 
бірталай өлеңдері дәлел. 11 не 6 буынды өлеңдер де, т.б. тең буынды 
өлшемдер де, сондай-ақ 7-8 буынды өлшем немесе 5, 7-8 буынды 
«Сегіз аяқ» өлшемі секілді аралас буынды өлең түрлері де бір негізде 
құрылады. Қайсысында болсын, буын саны, бунақ өрнегі тұрақты тармақ 
қолданылады.
11 буынды өлеңнің, 7-8 буынды жыр түрінің өлшем-өрнегі ұзақ уақыт 
бойы ауыз әдебиетінде, ауызша айтылатын өлең-жырларда шыңдалды. 
Оларды жазба әдебиет өкілдерімен бірге өлеңді суырып салып айтатын 
ақындар бүгінге дейін қолданып келеді. Осы айтылған жайларды тірек 
қылып, кейбір авторлар 11 буынды өлшемді, әсіресе «жыр» өлшемін 
ауызша айтылатын өлең үлгісі ғана деп қарайды. Бұл дұрыс емес. 11 
буынды өлең өлшемін де, «жыр» өрнегін де, 7-8 буынды шумақты 
өлең түрлері де Абайдың тұсында-ақ жазба поэзияның өлшемдері 
болып қалыптасты. Алайда, сөйлеу тілінің интонациялық-синтаксистік 
шексіз байлығын жеткізудегі осы өлең өрнектерінің мүмкіндігі қазір 
толық ашылып, сарқылып қалды деуге ешқандай негіз жоқ. Олардың 
поэзиямызда өлеңді жазып шығару дәстүрі нығая түскен сайын жетіле, 
кемелдене беретіні күмәнсыз.
11 буынды өлең, 7-8 буынды шумақты өлең, жыр өлшемі секілді 
ауызша поэзиямызда шыңдалған, халық тілінің қуат-нәрін, үнділік 
қасиеттерін бойына сіңірген өлшем-өрнектер жазба әдебиетте де кеңінен 
қолданылуы, бұдан қазақ өлеңі бұрынғы ескі қалпында, өзгеріссіз тұр 
деуге болмайды. Сәкеннің поэзияға тыңнан қосқан кейбір өлең өрнектері 
7-8 буынды өлшемдегі ырғағы 4 буын + 4 буын болып келетін тармақты 
екі жолға бөліп жіберу негізінде жасалған. Бұл Абайдың «Бай сейілді» 
өлеңінен бастап қолданылып келген ең қарапайым нұсқасы:
Орман міні, 
Мұның үні
Кейде жұмсақ, кейде шу; 
Кейде тынық,
Кейде сұлық, 
Кейде дауыл гу де гу.
Сәкен толықтырып дамытқан түрі – «Социалистан» бастаған бір топ 
шығармаларда пайдаланылған өрнек:
Құрыш қолмен 
Ұшқыр қағып, 
Электрді
Көп қып жағып,


377
Ішкі, сыртқы
Жауды бағып, 
Көз жіберіп тұрады.
Бұт балғасы
Ойнап қолда, 
От шашады
Оңға, солға, 
Барша әлемді 
Түзу жолға 
Жұмыскер тап бұрады.
Талдау үшін өлеңнің алғашқы жартысын ғана алу жеткілікті, өйткені 
оның құрылысы екінші бөлегінде түгелдей қайталанып келеді. Әр қос 
қысқа жолды бір 8 буынды тармақ ретінде алып, өлең өрнегін жинақтап 
қарап көрсек, үшеуі 8 буынды, соңғысы 7 буынды төрт тармақты 
шумақпен сәйкес шығатынын байқауға болады.
Олай еткендегі мақсат, әрине, бұл өрнектің өзіндік өзгешелігі бар екенін 
жоққа шығару емес, оның ырғақтық құрылысын неғұрлым айқынырақ 
түсіну. Қалайда қысқа жолдарды осылай көптеп бірыңғай топтастырып 
келтіру өлең ырғағына жеңілдік, жүрдектік қасиет беретіні даусыз. «Тоқу 
фабригінде» деген өлеңінде Сәкен осындай қысқа жолдардың қатарын 
бұдан да молайта түскен.
Бу машина 
Құрыш мойын 
Қыздырады 
Думан тойын, 
Бу қайнатад 
Салып ойын. 
Биік-биік 
Қара мойын, – 
Көкке тіп-тік 
Озған бойын...
Түтін көкке 
Ұшады өктеп,
Будақ-будақ түйіле.
Соңғы тармақ келесі осындай шумақтардағы сәйкес тармақпен 
үйлесіп отырады. Мұндағы тізілген көп қысқа жолдар тігін машинасының 
жеңіл, ойнақы қозғалыс-ырғағын өлең ырғағы ар қылы да елестету 
үшін алынған. Поэзияда қандай да болсын өмір құбылысын, соның 
ішінде қимыл-әрекетті, қозғалысты айқын елестететін алдымен сөздің 
мағынасы, баяндаудың, суреттеудің бейнелілік мазмұны екенін естен 


378
шығармау керек. Айтылатын ой мен өлең өлшемі арасында сәйкестік 
болғанымен, тікелей байланыс жоқ. Сондықтан өмірдегі белгілі бір 
заттың қимыл қозғалысына орайлас өлең өрнегін табуға ұмтылу, кейбір 
сәтте (және қысқа өлеңде) ғана болмаса, ұтымды бола бермейді. 4 
буынды тармақтар да, басқа ырғақ-өрнектер секілді сан алуан мағынаны 
бере алатыны талассыз.
«Біздің ұлан» деген өлеңінде Сәкен шумақтың құрылысы мен 
тармақтардың ырғақ-өрнегін өзінше келтіреді.
Күндер өтті, ол ержетті, 
Бостандық күн келіп жетті – 
Қызыл күн. 
Жарлы тобы ерік алып,
Жер күңірентіп ұран салып,
Шықты үн. 
Қара бала құстай түлеп,
Жеткеннен соң мұндай тілек,
Шаттанды.
Дәл өзіндей «қаралармен»,
Кеше «жұрын балалармен»
Аттанды.
8 буынды екі тармақтан кейін бір 3 буынды қысқа тар мақ келіп 
отырады. Алдыңғы тармақтар 4 буыннан бунақталғандықтан (4 буын 
+ 4 буын), осы 4 буынды тармақтардың қатарында 3 буынды тармақ та 
жанасымды сезіледі. 8 бу ынды тармақ пен 3 буынды тармақты қосып 
алғанда 11 бу ынды өлеңнің ырғақтық өрнегіне сәйкес келетінін ескерсек 
(4 бу ын + 4 буын + 3 буын), осы шумақта бір 8 буынды тармақ пен бір 11 
буынды тармақ кезектесіп отырады деп қарау да қисынсыз емес. Кейбір 
шумақтарда осы тармақ 3 буын емес, 4 буын да болып шығады. Мысалы:
Әкесі оның күндіз-түні,
Ауыр бейнет көрген күні –
Жылқы баққан 
Сорлы анасы тезек теріп,
Барлық күшін байға беріп
Отын жаққан.
Сәкен қазақ поэзиясына сап түзеп жүргенде айтуға лайық екпінді 
марш ырғағын енгізді. Бұл жағынан «Жас қазақ марсельезасы» – сәтті 
бастама.
Азамат, жүнжіме, жүрме бос
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Ту ұстап дұшпанға барайық, 
Теңдіктің ұранын салайық. 
Тізесін батырған залымнан 
Күн туды – біз теңдік алайық.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос,
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос. 
Қызыл ту – шылауың, қорғаның, 
Тізе қос, тізе қос, тізе қос. 
Марш өлеңінің ырғақ-үніне сәйкес ақын өлең тармақтарын үнемі 
3 буынды бунақтардан құрайды. Қайырмадағы басқы екі тармақ 12 
буынды, ал қалған тармақтар түгелдей 9 буынды болып отырады. 
Мұның өзі өлеңнің көтеріңкі леппен, маршқа тән жігерлі, байсалды 


379
үнмен айтылуына сай келеді. «Советстан» поэмасының өлең өрнегі 
– шумақтағы әртүрлі тармақтардың реттесу қалпы, үйлесімі – оның 
идеялық мазмұнына тән сонылық сипат-белгілерді танытуға лайық. 
Совет елінің, жаңа заманның шабытты, қарқынды екпінін, экспрестің 
жедел жүрісін суреттеуге сәйкес өлең өлшемінің ырғағы ширақ, орамды 
болып шыққан.
Айда, от арба, аямай күш, айдап бақ, 
Дөңгелегің зырылдасын тақ-тақ-тақ. 
Шаңқан жарық, 
Шамға қарық 
Болсын халық,
Электр жақ, тынбай айда, жол ұзақ.
Бұл өрнектің ырғағы 4 буын + 4 буын + 3 буын болып өрілетін 11 
буынды өлшемге негізделген. Тек үшінші тармақтың әр бунағы жеке жолға 
қойылған да, осы қысқа жолдардың ырғағын бірыңғай етіп, күшейте түсу 
мақсатымен соңғы бунақ 3 буын болмай, 4 буын болып алынған. Осылай 
етіп шумақ ішінде ұзын жолдар мен қысқа жолдарды араластырып алу 
өлең ырғағын түрлендіріп, оған серпінділік, екпінділік сипат дарытқан. 
Өлең ырғағының мұндай ықшам, же дел екпінін үстей түсу мақсатымен 
ақын кейбір тұста нақ-нақ айтылатын, бірді-екілі сөзден ғана құралатын 
қысқа 3 буынды жолдарды қосарлап келтіретіні де бар. Мысалы:
Кондуктор, 
Қарап тұр! 
Жол ұзақ, 
Айдап бақ.
Уклон бар,
Терең жар,
Сақ бол, сақ!
Тақ, тақ, тақ!
Айдап бақ,
Рудзутак.
Трат-тат-тат!
Трат-тат-тат!
Сәкен өлеңнің ырғақ-интонациясын түрлендіріп, үнділігін күшейте 
түсу мақсатымен тармақты бірнеше жолға бөлшектеудің үлгілерін 
іздестірген. Бұл ретте оның елеулі табысы – «Ленин» атты өлеңі. Осы 
өлеңінде ақын 10 бу ынды өлшемді өте ұтымды пайдаланып, көтеріңкі 
леппен айты латын өлең сөзге тән ырғақ-интонация туғызған. Өлеңнің 
ырғағы 4 буын + 4 буын + 2 буын болып келеді. Мысалы:
Бостандықтық таң азаны –
Ленин, 
Саясаттың мыс қазаны –
Ленин.


380
Қазақ поэзиясында 10 буынды өлшем бұрын да болғанымен, дәл 
осылай соңғы бунағы 2 буынды болып өрнектелген түрі қолданылмаған. 
Ондай бунақ 6-7 буыңды өлеңде кездеседі («Бір дегенім – білеу»), бірақ 
ол әртүрлі өлшемдердің арасындағы жеке сипат-белгінің ұқсастығы 
ғана. Бұл өлең өлшемі – сөз жоқ, тың туынды, көзге айқын түсетін 
өзгешеліктері: соңғы 2 буынды бунақ бөлек жолға шығарылған әрі 
сөйлемдердің синтаксистік құрылысы сәйкес. 2 буынды бунақтағы сөздің 
мағынасы жағынан оқшау, ырғақтың құрылысы ұзын тармақтың соңында 
қысқа 2 буынды ғана бунақтың бөлектенуі де орынды. Осының бәрі 
соңғы бунақтың алдында ерекше кідіріс жасалып, дауыс толқынының 
өзгеруіне, өлеңнің, тармақтағы соңғы сөздердің күшті леп пен, сезіммен 
айтылуына мүмкіндік береді.
Өлең сөзге сөйлеу тіліне тән интонациялық екпін-леп бітіру сөйлемнің, 
оның ішіндегі қысқа-қысқа сөйлемшелердің қалай құрылатынына 
тікелей байланысты. Ауызша шығарылып, әуендете айтылатын 
өлеңде сөйлемдердің ара-жігі мен тармақтардың шегі үнемі дәлме-дәл 
келсе, жазылған, сөйлеп оқуға лайықталған өлеңде үнемі бұлай бола 
бермейді. Арагідік болса да сөйлем мен тармақтың шегі қысқалау, 
біртұтас сөз тіркесі мен бунақтың шегі бір-бірінен алшақ түскенде өлең 
интонациясы жанданып, өзгереді. Сондықтан үнемі белгілі бір өлең 
түрінде қалыптасқан, үйреншікті болған сөйлемдердің құрылыс-қалпын 
сақтамай, ара-тұра болса да, сөйлемді реті келгенше әдеттегі айтылуына 
сәйкес етіп, еркін құрудың зор мәні бар.
Өлеңдерінің ырғақ, интонациясына тән кейбір жаңалықтардың 
сол кезеңдегі ізденуден туғандығын Сәбиттің өзі дұрыс айтқан: «...түр 
жағынан келгенде, менің соңғы шығармаларымда жолды бөлшектеу бар. 
Қажымас қара айғырым, 
(Ұрпағын кең жайғырым). 
Терісі – темір, 
Сүйегі – 
болат,
Шегі – сым,
Демі – 
от,
Айғырымның барында 
Кімнен кем менің байлығым.
Бұл өлең ең алдымен 8 буынды, кәдімгі шұбыртпалы өлең. Жолы да 
сол. Бұндағы өзгешелік өлеңнің жолдарын мағынасына қарай бөлшектеу, 
әр өлеңнің буынын толтырам деп, жазып отырған жолдағы пікірге 
жанаспайтын, көлденең сөздерді кіргізбеу. Менің соңғы әдісім осы»
110
.
110
Мұқанов М. Қалай жазам? « Жаңа әдебиет», 1935. № 6. 23-24-бб.


381
Қазіргі қазақ поэзиясында өлең өрнектерін байытуда маңызды жаңалық 
табу қажет-ақ. Өлең сөзді сөйлеу интонациясына жақындата түсу, өлең 
ырғағын оралымды, икемді ету үшін өлеңнің шумақ, тармақ, ұйқас 
кестесін толықтыру және ұзынды-қысқалы тармақтар топтастырылған 
өлшемдерді көбірек қолдану, поэзияға жаңа, өнімді өлшем-өрнектер 
енгізіп, оларды тұрақтату – осы бағыттағы ізденістің жемісті жолдары.
Ауызша шығарылатын өлеңнің әуезділігін, үнділігін жоғалтпай, 
сақтай отырып, оған жазып шығарылған, сөйлеп оқылатын өлеңге 
тән ерекшелік сипат дарыту, өлеңнің ырғақ-интонациясын, сөйлемнің 
синтаксистік құрылысын сөзді жайша сөйлеп айтқанындағы қалпына 
сәйкестендіріп құбылта білу үлкен творчестволық міндет. Бұл – бүкіл 
ұлттық поэзиямыздың алдында тұрған, көптеген ақындар бірігіп 
атқаратын, тарихи-әдеби дамуымыздан туған міндет. Бұл бағытта жемісті 
ізденістер бар екені белгілі. Ал енді осы міндетті толық жүзеге асыру 
үшін, әрбір ақын өзі тыңнан қосқан, жекелеген үлгі-өрнектерге қол арту 
аз. Өлең тілінің ырғақ-интонациялық байлығын жан-жақты ашып, өлең 
өлшемдерінің алуан түрлерін орнымен, шебер пайдалана білу керек.
Қазақ поэзиясындағы ертеден қалыптасқан, кең тараған өлең 
өлшемдерінде буын саны тұрақты тармақтар қолданылатындығын ерікті 
өлең түрін ұлттық өлең құрылысына, поэзиядағы негізгі өлең жүйесіне 
қарсы қоюға болмайды. Ерікті өлең түрін қолдану – силлабикалық өлең 
жүйесін бұзу, буын санын тұрақты қалыпта сақтау принципін жоққа 
шығару деп ойлау ағаттық болар еді. Үйткені бірлі-екілі шығармаларында 
ерікті өлең түрін пайдаланған ақын басқа шығармаларын белгілі, 
тұрақталған өлең өлшемдерін қолданып жаза береді. Кейбір ақындар 
ерікті өлең түріне өз туындыларында азды-көпті көңіл қойса, ұлттық 
поэзиямыз қалыптасқан өлең өлшемдерінен безіну керек деген 
қорытынды тумаса керек. Бұлар бірін-бірі ығыстыратын, бір-бірімен 
сыйыспайтын нәрселер деуге бол майды, әрқайсысының өз мүмкіншілігі, 
өзінше артықшылығы бар.
Поэзияда қалыптасқан ырғағы жеңіл, ширақ сөйлем құру, сөз 
қиюластыру үлгілерінің жеке-жеке, кейде топтап алынып, алмастырылып, 
басқаша құрылымды үлгілермен қабаттастырыла қолданылып 
отыратыны. Мұның өзі сөйлемдерді, сөз орамдарын мейлінше әркелкі 
етіп құруға мүмкіндік береді. Көлемі, ырғақ-өрнегі әрқилы тармақтардың 
үнемі араласа беруінің есесіне осындай тармақтар дың бірнешеуінде 
сөйлемдерді синтаксистік, интонациялық құрылысы жағынан біркелкі 
етіп алу тәсілі кеңінен пайдаланылады.
Қазақ поэзиясында ырғағы құбылмалы келетін ерікті өлең түрін 
қолдану ақындардың шығармаларында кездеседі. Мұндай үлгі 
халық поэзиясында қысқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет