Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет208/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
президиумында, 
председательдік
деген 
сөздермен 
қатар 
жапырақтарымен, 
арғымақтарымен
деген сөздер де ұшырасады.
Өлең ырғағын өзінше өрнектеп келтіруі жағынан Ф.Оңғарсынованың 
шығармаларын атауға болады. Ақын өлшем-ырғақ жаңалығын 
мазмұн тереңдігімен ұштастырады. Сөз қолдану ерекшеліктерінен 
де, сөйлемдердің синтаксистік құрылысы мен өлеңнің ырғақ-
интонациясынан да ақынның өзіне тән публицистикалық үнділікті, еркін 
сөйлеп айтылатын сөзде ғана болатын оралымдылықты мол сезінеміз.
Мен комсомол – жастықпын, 
Алау жүзімді ақ түтек боран мен
даланың аптап күні өпкен. 
Қиындықтарда қылыштай құрыш білекпен


390
Болашақтарға бақыт жолын тік тартып,
жапан түздерді түлеткем. 
О, дауылды ғасырым! 
Арынды екпін мен арман –
Шыңдарға самғаған. 
Алдыңда сенің табынып жатыр
бас көтере алмай бар ғалам... 
Бұл ырғақ өрнегін ақын «Коммунист», «Тарихпен тілдесу», «Ұстазға» 
секілді бірнеше өлеңдерінде қолданады. Салыстыра отырып қарағанда 
мұндағы өлең ырғағының өзгешеліктері анық байқалады. Алдымен көзге 
түсе тін нәрсе – мөлшерлі көлемі, өрнегі бар бірнеше тармақтар өлеңге 
тірек етіп алынады да, еркін араласып келіп отырады. Олар: 13 буынды 
тармақ, 10 буынды және 8 буынды екі тармақтан біріктіріліп қосылған 18 
буынды тармақ, 8 буынды тармақ, кейде 7 буынды тармақ. Соңғысының 
бунақталу қалпы 4 буын + 3 буын. Басқалары 3 буын және 5 буыннан 
бунақталған. Әдетте тармақтың 5 буынды бөлшегі (не тармақ) 3 буын 
+ 2 буын болып екіге бөлінетін болса, мұнда ол тұтас бір бунақ болып 
келеді. Кейде екі сөзден құралып (1 буын + 4 буын), кейде тіпті бүтін бір 
сөзден де жасалады: 
қиындықтарда, болашақтарға, қартаймастаймын, 
жарақаттанған, жарамсақтықпен, бұлқынатындай, большевиктердей, 
құлдыратқанда
, т.б.
13, 18 буынды ұзын тармақтардың қолданылуы, сондай-ақ бунақ 
кейде 5 буыннан құралып, әр жерде 5 буын ды сөздердің кездесуі өлеңнің 
ауызша айтылатын сөздің интонациясына тән сипат алуына себепші 
болады. Өлеңнің өзі сөйлеу интонациясына сәйкес болғандықтан және 
солай оқылатындықтан арагідік 5 буынды бунақ орнына 6 буын түсіп 
ұзарып, не бір буыны қысқарып, тармақтың көлемі сәл өзгерсе де, одан 
өлеңнің ырғағы солғын тартқаны байқала қоймайды. Өлең ырғағының 
осылай құрылуы поэзияда кездеспейтін, қомақтырақ келген, үйірлі сөз 
тіркестерін, сөйлемдерді қолдануға да мүмкіндік береді. Сөйлемдер, 
сөйлемшелер бірде қысқа қайырылса, енді бірде созылып, ширатыла 
түседі. Сөз тіркестерін ірілендіріп, көлемділеу сөздерді қосарлап, 
топтастыра айту оңайырақ болады. Өлең сөздің нақ-нақ айтылатып 
ықшамдылығы біраз бәсең тартып, оның есесіне кең орамға келетін, 
еркін құбылып та отыратын ырғақ өзгешелігі айқын ссзіліп тұрады.
Тұманбай Молдағалиевтың «Немере сыры» атты өлеңінің ырғақ 
өзгешелігі де қызғылықты:
Есімде,
Әкемнің есімін қайталап атадың, 
Суланды кірпігің, сақалың. 


391
Аң-таң боп мен тұрдым түсінбей, 
Әкемді жалмаған
Соғыстың шатағын.
...Балдаққа сүйенген әскерлер оралды ауылға,
Кеудесін төсеген нөсерге, дауылға.
Біреулер бір көзін беріпті
Беріпті біреулер аяғын,
Бәрін де мүсіркеп аядың.
Көзіңнің алдында Жайлаудың өзені гүрілдеп ағады,
Қалың қой шүйгінге шүйіліп,
Тыныштық табады.
Трактор гүрілдеп жөңкиді,
Тілгілеп ауаны.
Көзіңнің алдында
Қара бұлт аспанда көшеді...
Өлең тармақтары ұзынды-қысқалы келе береді, бірақ бәрі дерлік 6 
не 9, болмаса, 12 не 15 буынды. Өлеңнің ырғақ-интонациясын ерекше 
түрлендіріп тұр, үнемі 3 буыннан бунақталған. Бұл өлең ырғағына тірек 
болып тұр. Өлең сөз ырғағы осы 3 буынды бунақтардың әртүрлі (екіден, 
үштен дегендей) топтасуына негізделеді. Тек анда-санда ғана 2 буынды 
немесе 4 буынды бунақ кездесіп қалады.
* * *
Жоғарыда аталған, талданған үлгілер осы бағыттағы творчестволық 
ізденістердің бастамасы ғана, оларды 
ерікті өлең түрінің
қазақ 
поэзиясында орнығу, өркендеу мүмкіндігі, келешегі бар екенін танытатын 
жеке мысалдар ғана деп қарау орынды.
Поэзиядағы әбден орныққан тармақ, бунақ кестесінен бас тартқанда, 
өлең сөз үйреншікті жеңіл ырғақ, қалыпты әуезділігін жоғалтады да, оның 
орнын толтыру оңайға түспейді. Ерікті өлең сапалы, келісті шығу үшін әр 
сөз, сөз орамы ерекше мағыналы, мәнді болмақ керек; ырғақ-интонациясы 
жағынан оқшауланған әр сөйлем, қысқа сөйлемшелер ширақ, жинақы, 
оралымды болуға тиіс. Өлеңді жай қара сөзге айналдырмай, сөз ырғағын 
ширақ етіп келтіре білу, өлеңге әр сөзін салмақтап, айрықша лебізбен 
оқуға сай қасиет дарыту – бұл үлкен ақындық шеберлікті талап етеді.
Ерікті өлеңнің қазақ поэзиясында әзірге бар нұсқаларының бәрі бірдей 
толық жетілген, кемеліне келген жоқ. Бұл өрнекті жерін тауып, орнымен 
шебер пайдаланса ғана қа зақ өлеңінің ырғақ-әуезділік байлығын, 
интонациялық икемділігін арттыруға болады. Ерікті өлең түрін әлі де 
өрістетіп, жетілдіру, оны өлең-жырларда жиірек, батылырақ қолдану – 
аса маңызды міндеттің бірі.


392


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет