113
боп келеді. Анау сықылды, өз алдына ылғи 8 буынды боп келе бермейді.
Мысалы:
4 3
/Есіркесең/ /болмай ма,/ – 7.
5 3
/Жолыңда жатқан/ /бесікті?!/ – 8.
Біз жоғарыда қазақ өлеңдерінің бунақтарындағы буын саны
4-тен
аспайды, аса қалса,
екі дауысты дыбыс қатар келіп, кірігу тәртібімен
біреуі жоғалып кетеді не бір дыбысы түсіп қалады. Өлеңде 5 буынды
бунақ болмайды дедік. Бұл жағдайды естен шығармау керек.
Жоғарыда дауысты дыбыс туралы айтқанымыз не екі бунақтың немесе
бір бунақтағы екі сөздің түйісетін жерлері. Яғни алдыңғы бунақтың аяғы
дауысты
дыбысқа тоқтап, кейінгі бунақтың бас дыбысы тағы дауысты
дыбыс болса, екі дауыстының біреуі-ақ қалады. Мысалы үшін Абайдан
мына бір үзіндіні келтірелік.
5 4
/Сөзі орамды,/ /әр түрі жат,/ – 9
осы тұрысында 9 буын, бірақ бұл 9 буынды өлең емес, 7 буынды өлең.
Алдыңғы бунағында екі дауысты дыбыс қатар келіп тұр, сондықтан біреуі
қысқарып 4 буын болады. Бұл бір бунақта екі сөз (дауысты дыбысқа
тынған сөз бен дауысты дыбыстан басталған сөз) түйіскен
жердегі
дыбыстың жойылуы. Сөйтіп бір буынның есебі табылды, 8 буын қалды.
Біздіңше, тағы бір буынға орын тауып беру керек. Алдыңғы «сөзі орамды»
деген бунақты алсақ, дауысты дыбысқа тоқтайды («ы» дыбысы). Екінші
«әр түрі жат» деген бунақ дауысты «ә» дыбысынан басталады. Сөйтіп
екі дауыстының түйіскен жерінде бір дауысты дыбыс тағы жойылады,
сондықтан екінші бунақтағы буын саны төртеу емес, үшеу болып шықты.
Міне, біздің жоғарғы айтқанымыз, дауысты дыбыстары түйіскенде,
біреуі жойылып кететін буындарға тән нәрсе. Бұл – есте болуы керек,
әйтпесе, жыр өлеңдерінің ағымымен жазылған 5 буынды бунақтармен
шатастырып алуымыз мүмкін.
Қазақтың жыр деп айтатын өлеңдерінің көбі 5 буынды бунақтардан
құрылады. Бұл алдыңғы біз айтқан 5 буынды
бунақтардан өзгешелеу
келеді. Бұл екі дауысты дыбыс түйіскенде, біреуі жойылып кететін бунақ
емес, біреуі 2 буынды, біреуі 3 буынды екі сөзден құралатын 5 буынды
бунақ. Алдыңғыдай бір түбірлес сөз емес. Екі сөз қосылып, бір бунақ
жасап тұр. Қазақ тіліндегі өлеңдерде 2 буынды бунақ та, 3 буынды бунақ
та болғандықтан, екеуі (екі буынды, үш буынды) қосылып, 5 буынды бір
бунақ жасалуы тілге табиғи нәрсе.
114
Бұл жоғарғы
айтқанымызға қайшы келмейді, өйткені біз 5 буынды
бунақтың қай жерде келіп, қай жерде келмейтініне толық тоқтадық.
Енді
қайталақтау керексіз, сондықтан 2 буын мен 3 буын екі сөзден
құралатын, жыр өлеңдеріндегі 5 буынды бунақтан құралатын 8 буынды
өлеңге тоқталық. Бұл 7 буынды өлеңмен араласып келеді.
Міне, бір сөзі 2 буынды, бір сөзі 3 буынды екі сөзден құралған өлең деп
осы сықылды өлеңдерді айтады. Жыр ағымымен жазылған өлеңдердің
бір тармағы көбіне 8
буыннан құралады. Өлең тармағы 8 буын болса,
соның алдыңғы бунағы ылғи 5 бу ынды, соңғы бунағы 3 буынды болады.
8 буын өлең құрылысының бас жағындағы айтқан 8 буындының бұдан
бір өзгешелігі: алдыңғы бунағы да, соңғы бунағы да ылғи 4 буыннан
құралады. Екінші өзгешелігі 7 буынды өлең құрылысымен араласпай, өз
бетімен ылғи 8 буынды боп келеді.
Таза 8 буынды өлеңнің екінші түрі өте жиі ұшырайды. Мұнда бір
жолдың алдыңғы бунағы 5 буын, соңғы бунағы 3 буын болып келеді және
осы өлшеуден таймайды.
5 3
/Кешегі өткен/ /ер Әбіш,/
5 3
/Елден бір асқан/ /ерек-ті./
5 3
/Жүрегі жылы,/ /бой(ы) құрыш,/
5 3
/Туысы жаннан/ /бөлек-ті./
8 буынды өлеңнің бұл түрі қазақ өлеңдеріне әбден еніп, тұрақталған,
көп ақындардың өлеңдерінен кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: