Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет99/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Комедия 
(грекше – 
kömodia
– күлкі, ән). Жазушы өз ұғымынша, 
өмір құбылысын не мінез, іс-әрекеттерді күлкі ету мақсатымен сахнаға 
лайықтап жазған драмалық жанрдың түрін 
комедия
дейді. Трагедия 
тәрізді комедияның да ескіден, баяғы заманнан келе жатқандығы 
байқалады. Комедияның алғашқы элементі ескі гректерде жүзім тәңірі 
Диониске құрмет, ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді 
өткізу, біткен еңбекке қуаныш ету деп басталады.
Комедияның атасы саналатын Аристофаннан (біздің жыл 
санауымыздан бұрынғы V ғасыр) бері қарай өзіне тән ерекшеліктері 
айқындалып, комедия драмалық жанрдың белгілі бір түрі ретінде 
қалыптасады. Комедия мінездегі кемістікті, істегі қателікті, өмірдегі 
әр алуан сорақылықтарды сынау, шенеуде ең күшті құралдың бірі 
саналады. Жайшылық өмірдің өзінде көп адам бір адамға күлсе, жынды 
қылып жібере жаздайтыны тәрізді, халық, көпшілік күлген сиымсыз 
мінез, іс-әрекетті кім де болса қайталамауға тырысады. Комедияның 
тәрбиелік мәні де осында.
Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады. 
Оқиғаның байланысы да, дамуы да, шиеленісуі де жай шатасу, 
жаңылысуға негізделінеді, бірақ шешуі жақсылықпен бітеді. 
Қатысушылардың қимылы, іс-әрекеттері, сөздері – бәрі де күлдіргі 
болып келеді және олар көпшілікті күлдіру үшін автордың әдейі ойлап 
тапқан нәрсесі емес, табиғи өмірдің өзінде солай болуы мүмкін деген 
сенім туғызады.
Комедияның 
юморлық
және 
сатиралық
түрі бар. Юморлық түріне 
Гогольдің «Үйленуі», М.Әуезовтің «Айман-Шолпаны» жатады.


146
«Айман-Шолпан» пьесасы комедияның юморлық түріне жатады, 
оның әлеуметтік мәні де зор. Мұнда автор халық поэмасының негізгі 
идеясын жалғастырып, көмескі жерлерін ашып, әлсіз жерлерін 
өткірлеп, ескі мен жаңа, кәрілер мен жастар шайқаскан жерде, ескілікті 
жаңалыққа жеңдіреді. Көтібардың өзі де, ол жақтаған идея, түсініктер 
де апатқа ұшырайды. Бұл пьесаның қоғамдық мәнін салмақтандыра 
түседі, бірақ пьесаның дағдыдағы юморлық комедияның дәстүрі 
бойынша, жақсылықпен бітеді. Ақырында, оқиға Әлібек пен Айман, 
Арыстан мен Шолпандардың өз мақсаттарына жетуі – үйленулерімен 
тынады.
Екінші түрі – 
сатиралық комедия
. Бұның юморлық комедиядан 
айырмасы зілінде, салмағында. Суреттеп отырған өмір құбылысының 
түп-тамырына балта шабуды нысана етуінде. Го гольдің «Ревизоры» 
үш түрлі әлеуметтік құрылысты басынан кешірді, бірақ әлі сахнадан 
түскен жоқ. Ол патшалық Россияның төрешілдік билеу системасының 
мүлде іріп біткендігін сынайды. Жалтақтық, жағымпаздық, өсекшілдік, 
мещандық, мақтаншақтық, жылпостық, т.б. сұрқия мінездердің бетін 
ашып, халық сотына тартты. Тәрбиелік мәні де осында.
Драманың элементі трагедияда да болады, ал комедияда күлкі мол 
қолданылады. Ол заңды да, өйткені көркем шығарманың қайсысы 
болсын өмір сәулесі. Сондықтан өмір жолдарында адам баласына 
қанша қиыншылық, ауыр жағдайлар кездессе де, ұйқы, күлкі, тамақ – 
үш нәрсеге тыйым салуға болмайды дейтін халық мәтелінің өзі де өмір 
шындығынан алынған. Демек, тіршілік, өмір бар жерде күлкі де бар.
Жұмыстағы қателік, мінездегі кемшілік, т.б. қоғам құру ісіне, өмір 
сүруге бөгет немесе кедергі жасайтын болса, оларды құрту үшін күлкі-
сықақ арқылы жұртшылық сотына тартуда комедияның қазірде де мәні 
зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет