Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет180/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

 4 буын 3 буын 4 буын,
Терін сатпай / телміріп / көзін сатып,
 3 буын 4 буын 4 буын
Теп-тегіс / жұрттың бәрі / болд(ы) аларман.
7 буынды тармақ екі бунақтан түседі:
 4 буын 3 буын
Күнде жақсы / бола ма,
 4 буын 3 буын
Бір қылығы / жаққанға?
Жыр өлшемінде тармақ 7 буынды болса, бұның кестесі 4 буын + 3 
буын, тармақ 8 буынды болса, бунақ кестесі 3 буын + 2 буын + 3 буын 
болады.
4 буын 3 буын 
Базарбайдың / Төлеген
3 буын 2 буын 3 буын
Соңынан / еріп / Қаршыға...
11 буынды өлеңде алғашқы екі бунақтың орны ауысып, тармақ 
3 буыннан басталып, екінші бунақ 4 буынды бо лып немесе бунақ 4 
буыннан басталып, екінші бунақ 3 буынды болып келе береді. Тармақтың 
соңғы бунағы буын саны жағынан өзгермейді, үнемі 4 буынды болады. 
Жыр өлшемінде де соңғы бунақ өзгермей үнемі 3 буынды бо лып келеді. 
Әр тармақтың бірнеше бунаққа бөлінуі қазақ тілінде өлең сөздің ырғақ-
үнділігін, әуезділігін күшейтетін бірден-бір ұтымды, ең табиғи және 
қарапайым тәсіл.
Өлең жолының, тармағының осындай бірнеше буыннан тұратын 
қысқа-қысқа бөлшектерге (қазақша айтқанда 
бунақ
) бөлінуі қазақ 
өлеңімен бірге қырғыз, өзбек, түрікмен, татар секілді түркі тілдес 
халықтардың поэзиясында кең тарағанын В.В.Радлов бұдан бір ғасыр 


332
бұрын айтқан
93
. Қазақпен туыстас осы аталған халықтардың поэзиясында 
бунақ өрнектерінің осы күнгі әдебиетте де негізінен сақталып, толығып, 
өрістеп келе жатқаны қазіргі әдебиет зерттеушілердің еңбектерінде де әр 
жағынан баяндалған
94
.
Бунақтың яғни екіден, үштен, төрттен топтасқан буын тобының ара 
жігін, шегін белгілейтін – сөз бен сөздің арасындағы жік, сөз айырымы. 
Қазақ өлеңінде сөз бен сөздің арасындағы жік бунақ кестесіне орай әр 
өлшемде өзінің тиісті орнына бекітіледі. 7 буынды өлеңде бунақ кестесі 
4 буын + 3 буын болып келгендіктен, тұрақты сөз жігі ылғи алғашқы 
4 буыннан кейін орналасады. 11 буынды өлшемде өлең тармағында сөз 
бен сөздің арасындағы шек әрбір 4 буыннан не 3 буын нан кейін келеді. 
Өлеңдегі бунақ кестесін талдағанда әрине, сөздердің арасындағы кез 
келген айырым жіктің бәрі бірдей еске алынбайды. Еске алынатын, 
есепке кіретін жік тек тиісті орында, үнемі қайталанып отыратын, бунақ 
пен бунақтың шекарасын белгілейтін тұрақты сөз жігі.
Осындай сөз бен сөздің аралық жігін белгілі орынға тұрақтату 
әдісі басқа елдердің өлең құрылысында да пайдаланылады. Мысалы, 
біраз халықтардың поэзиясында, соның ішінде орыс поэзиясында 
кейбір өлшемдерде қолданылатын 
цезура
да тұрақты сөз жігі. Кейбір 
ғалымдардың (Радловтан бастап) қазақ өлеңіне де цезура терминін 
қолданып келгені сондықтан, бірақ мұны дұрыс тауып қолданған деуге 
болмайды. Цезура өлең теориясында 
ең
қысқа тармақтан
(полустишие) 
құралған ұзын тармақтың арасын белгілейді. Ал қазақ поэзиясында 
тұрақты сөз жігі бунақтың шегін белгілейді, сол себепті оның сипаты, 
атқаратын қызметі өзінше бөлек.
Қазақ өлеңінің ырғақтық жүйесінде тұрақталған сөз жігінің, сөз 
айырымының үлкен мәні болуы әрине, қазақ тілінің құрылысындағы, 
алдымен фонетикалық құрылысындағы өзгешеліктерге негізделеді. 
Қазақ тілінің басты, түбірлі ерекшеліктері яғни оның грамматикалық 
құрылысы жағынан алғанда 
жалғамалылығы
(агглютинация), сөз 
түбірі өзгермей, оған жалғау, жұрнақтар қо сылып, жалғана беретінін 
фонетикалық, дыбыстық құрылысы жағынан алғанда тілге 
дыбыс 
үндестігі
(сингармонизм) тән, бұларға қоса қазақ тілінде, жоғарыда 
айтылғандай, буындағы екпіннің аса күшті еместігі міне, осының 
бәрі сөздегі дыбыстардың қиюласып, жақындасуына, сөз бен сөздің 
шегі, жігі айқын ажырамай, қатар сөздер кірігіп, жалғасып айтылуына 
93
Radloff W.W. Ueber die Formen der gebundenen Rede bie den altaischen Tataren, – «Zeitschrift fur 
Volkerpsychologie und sprachwissenschaft». Berlin 1866. s. IV.
94
Ғосман Х. Татар шиғыренең төзелеше. «Совет әдебияты», 1958. № 4; Рысалиев Қ. Мақал 
жаңа лақаптардың түзүлүне қарата. Ала-Тоо, 1957. № 7; М.К.Хамраев. Основы тюркского 
стихосложения, Алма-Ата, 1963; Кекилев А. Әдебиет теориясы, Ашгабат, 1958; Тучиев У. Вазн 
хакида, «Узбек тілі ва адабиети масалалары». Ташкент, 1962. № 3; Хусаинов Г.Б. К вопросу о 
башкирском стихосложении. Сб.«Вопросы башкирской филологии», М., 1959.


333
себепші болады. Сөзді буынға бөлгенде қатар тұрған мағынасы жағынан 
бірлес сөздердің жігі ажырамайды (
дәу-ле-ті ас-қан; бас-ұ-рып болмай, 
дәу-ле-т (і) ас-қан; ба-сұ-рып
болады). Сондай-ақ, 
сен келгенде, қара 
қарға
деген секілді тіркестердің 
сен гелгенде, қара ғарға
болып үндесуі 
немесе 
жақсы адам, сараң бай
деген тіркестерде соңғы сөздерге жалғау 
жалғанғанда алғашқы сөздердің өзгермеуі тіркестегі сөздердің тығыз 
қабысып жататынын байқатады. 
Қазақ өлеңінің бунақ кестесінің құрылысына сәйкес өлең-жырларда 
қолданылатын жеке сөздердің буын құрамында да бірталай ерекшеліктер 
кездесетінін көреміз. Қазақтың өлең сөзін Сәбит Мұқанов атап 
көрсеткендей, «қай сөз болсын, соны қабылдай бермейді,... 4 буыннан 
артық буыны бар сөзді қабылдамайды»
95
.
Қа зақ поэзиясында буын саны төрттен артық сөздер қолданылмауы 
жалпы шұбалаңқы сөзден қашудан емес, қазақ, өлеңінде әр тармақты 
бунаққа бөлуден туатын алабөтен, айрықша сипаты бар өзгешелік. 
Айталық, сөздің буындық құрамы 4 буыннан артық болмауы өлең 
жолдарында 4 буынды бунақ қолданылатындықтан. Бунақ кестесі 3 буын 
+ 3 буын болып келетін 6 буынды өлең өлшемін алсақ (мысалы, «Көзімнің 
қарасы»), мұнда құрамы 3 буыннан артық сөз мүлде кездеспейді. Жыр 
өлшемімен жазылған өлеңнің 8 жолдық тармағын алып қарайық.
3 буын 2 буын 3 буын 
Ылдидан шапса төсте озған
Мұнда бастапқы бунақ пен соңғы бунақтың қай-қайсысында болсын, 
сөздің не сөз тіркесінің буын саны үштен артық болмайды. Екінші 
бунақта келетін сөз 2 буыннан аспайды. Жырдың 7 буынды тармағының 
бунақтық кестесі 4 буын + 3 буын болғандықтан, тек осы тармақтың бас 
жағында ғана 4 буынды сөз қолданылуы мүмкін.
Айрықша назар аударарлық бір жай жырда өлең жолынын аяғында 
тек 3 буынды сөз бен 3 буынды сөз тіркесі ғана қолданылады. Мысалы:
Жыламаймын мен дағы, 
Өзіңнің де көкежан,
Көзіңнің жасын тый деді. 
Жылап отыр ат(а)-анаң,
Сапарынды қый деді.
Көп жолдаспен барсаңшы, 
Ел-жұртыңды жый деді. 
Жалғыз қайтіп барасың,
Жалғыздық ісі қиын-ды.
Менің жайым мінеки,
Танымаған ешкімді,
Сіз кеткен соң, көкежан,
Кемпір, шалдың қасында,
Өзім жалғыз, өзім жас,
Боламын кімге сыйынды?
(«Қыз Жібек»)
95
Мұқанов С. Қазақ өлеңі туралы. «Социалистік Қазақстан», 1935. № 108.


334
Жыр ырғағына тән айрықша жеделдік, екпінділік, ондағы сөздің 
құйылып, төгіліп отыратыны оның өлең өлшеміндегі, бунақ кестесіндегі 
өзгешеліктерімен тығыз байланысты.
Қазақ поэзиясында өлең жолдарының буын саны берік сақталады. 
Бір буын артық не кем болса, өлең сөздің үйреншікті ырғағы бұзылады, 
оны байқамау, сезбеу мүмкін емес. Ондай тармақ, өлең жолы жүзде біреу, 
мыңда біреу ғана болса да, бірден назарымызды аударады. Өлеңде басы 
артық бу ын болуы не буын саны тиісті мөлшерден кем болуы өте сирек 
ұшырасады. Өлең тармақтарының буын санын есептеп, анықтағанда 
кейбір жайларды мұқият ескеру керек. Қазақ тіліндегі біралуан сөздердің 
буындық құрамы құбылмалы келеді, себебі кейбір дауысты дыбыстар 
айтылғанда түсіп қалып, не қосылып айтыла береді.
Жекелеген сөздердің буын саны жағынан қысқа және ұзынырақ 
екі варианты болуы тіл құрылысының ерекшелігі. Қазақ өлеңі буынға 
негізделетіндіктен, ондай варианттар поэзиялық шығармада ерекше 
көзге түседі. Қазақ тілінде сөздердің шектескен жерінде екі дауысты ды-
быс қатар келсе, айтылғанда біреуі түсіп қалатыны белгілі. Бұл өлеңде 
де кездеседі: «
Не қыларым біл(е) алмай. Өлейін десем өл(е) алмай, өз 
жанымды қи(а) алмай
»
 
(«Алпамыс»). Өлең сөзде керек болған жағдайда, 
қатар келген екі дауысты дыбыстың екеуі де сақталуы ықтимал: «
Ұйқы 
алып денесін. Қыздардың бәрі қалды енді
» («Алпамыс»). «
Саңқылдап 
көкте ойнап шарықтайды
» (С.Торайғыров).
Қазақ тілінде бірде қосылып айтылып, бірде түсіп қалатын дыбыстар 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет