Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет135/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Көркемдік әдіс
– алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің 
өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты 
бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту 
жолы.
Көркемдік әдіс
– өнер туындысында адам образын жасауға, сол 
арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін 
белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және 
жинақтаудың өзгеше принципі, өмір шындығын өнер шындығына 
айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық, идеал тұрғысынан қайта 
туғызудың айрықша типі.
Романтизм мен реализмнің көркемдік немесе творчестволық әдіс 
ретіндегі ең елеулі сипаттары, міне, осы анықтамаларда жатыр. Осы 


235
анықтамалардың байыбына бара түссек, әдіс пен стильдің бір-бірінен 
ерекшеліктерін анығырақ аңғара түсеміз. Шынында да, «біздің әдіс 
жайлы әңгімеміз өнердің даму процесіндегі стратегия жайлы әңгіме 
сияқты да, стиль жайлы әңгімеміз тактика жайлы әңгіме сияқты»
73
екенін көреміз. Бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, «творчестволық әдістің 
басты сипаты – өмірді көркем жинақтаудың ең негізгі принциптері де, 
осыларды нақты жүзеге асыру –мінез бен оқиғаны суреттеу амалдары, 
тәсілдері – стильге қатысты нәрсе»
74
.
Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп, суреттелер шындық 
қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не 
келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, 
көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті. 
Дегенмен, осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді релазимнен 
бөліп әкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Романтизм 
(әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше 
айтсақ, «бір-біріне кереғар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын 
бағыттас» әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек 
біреуімен ғана жазады; екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол 
не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер 
едік. Керісінше, әрбір «ірі суреткерде – дейді Горький, – реализм мен 
романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жататын сияқты. Бальзак 
– реалист, бірақ ол «Шегрен былғары» тәрізді реализмнен өте-мөте 
аулақтұрған романдар жазды. Тургенев те романтикалық рухтағы 
дүниелер туғызған. Гогольден бермен қарай Чехов пен Бунинге дейінгі 
ірі жазушылардың бәрі сөйткен. Реализм мен романтизмнің бұлайша 
бірігуі – біздің үлкен әдебиетімізге әсіресе тән сипат».
Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушылары (Махамбет 
пен Абай, Ш.Құдайбердиев пен С.Торайғыров, М.Жұмабаев пен 
С.Сейфуллин, Б.Майлин мен І.Жансүгіров, М.Әуезов пен Ж.Аймауытов, 
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин мен Х.Есенжанов, т.б.) жайлы 
да дәл осыны айтуға болады, бәрінің творчествосында да реализм мен 
романтизм араласып жүр. Жалғыз-ақ бір есте болатын нәрсе осылардың 
жеке алғанда әрқайсысы қолдан келгенше, романтизмнен реализмге 
келеді. Әдеби дамудың объективті заңы, әдеби әдістің эволюциясы тек 
қана осылай жылжуға тиіс.
Бұл – бір біздегі емес, бар елдегі жағдай. Осыған қарап, бүкіл 
әлемдегі барлық ілгерішіл әдебиет пен өнердің ғасырлар бойғы даму 
тарихын, бір себептен, дүниені көркем тану, дәлірек айтқанда, өмірдегі 
73
Тимофеев Л.И. Советская литература. М., Советский писатель, 1964. стр. 9.
74
Храпченко М.Б. Твореская индивидуальность писателя и развитие литературы. М., СП, 
1972. стр. 120.


236
шындықты өнердегі шыншылдықпен тану жолында реализмнің туу, 
қалыптасу және даму тарихы. Мұның өзі философияның тарихы – 
философиядағы материализмнің туу, даму тарихы деген қағидалы 
пікірлерге де сай келеді. Философиядағы мате риализм өзінің даму 
тарихында өзіне қарсы түрліше идеалистік ағымдармен күресе отырып 
нығайғаны мәлім. Сол секілді, әдебиеттегі реализм де өзінің даму 
тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа ағымдармен күресе отырып 
нығайғаны сөзсіз.
Әдебиеттегі реализм проблемасын дәл осы тұрғыдан түсіну 
шарт. Сонда біз, бір жағынан, әдебиеттегі реализм көп стильдер 
мен ағымдардың бірі емес екенін білген үстіне біле түссек, екінші 
жағынан, мұның жуырда ғана кенеттен пайда бола қалған нәрсе емес 
екенін, реализмнің алғашқы элементтері тіпті атам заманғы антик 
әдебиетінде жатқанын, Орта ғасыр мен Ояну дәуірлерінің әдебиеттері 
де өзінше шыншыл болғанын, ал өткен ғасырдағы әйгілі «натуралдық 
мектеп» пен сыншыл реализм – бұл әдістің даму тарихындағы 
айрықша кезеңдер екенін аңғарған үстіне аңғара түсеміз.
Бір ескеретін нәрсе: жоғарыда айтылғандай, романтизмнің де, 
реализмнің де өмірді өнерге көшіру сипатына негізделген екеуінің 
екі түрлі ерекше табиғаты, түп-тамыры мен тегі тереңде жатқанмен, 
олардың әдеби әдіс ретінде қалыптасу тарихын әдебиет зерттеушілері 
беріден бастайды. Мәселен, олар романтизм көркемдік дамудың 
күрделі бағыты ретінде еуропа мен америка әдебиеттерінде XVIII 
ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан бермен қарай қалыптасты 
деп жүр. Бұлай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет