Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет151/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

жебе, семсер, қылыш, 
наркескен
. Мысалы: Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе? Қайрап ап, 
қалың жауға сермегендей!» (Мәдидің әні «Қарқаралы»). 
Халық поэзиясының өкілдері өзі туралы айтқанда өткір сем сер
наркескенді теңеу ретінде көбірек қолданады. Болат семсердің қиып 
түсер өткірлігі, мұқалмайтындығы сөз зергерінің айрықша алғырлығын, 
шабыттылығын, сөз таластырғанда ешкімнен беті қайтпайтын 
табандылығын танытады. Ақын бейнесін, тұлғасын халық ұғымына сай 
шебер бейнелеген теңеулер Базар жыраудың өлеңінде кездеседі:
Қайыңның қатқан безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім.
Өлең сөзге келгенде,
Шебердің құрған тезі едім.
(Базар жырау)
Кейде өлеңдерде адам бейнесі теңеу тәсілімен тікелей суреттелмей, 
оның жәй-күйі басқа нәрсені не құбылысты алып, соны өзге нәрсемен 
салыстыра сипаттау арқылы да әсерлі көрсетіледі. Біржан өлеңінде: 
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды
,– 
дейді. Ауыр науқасқа қанша бой бермеймін дегенмен, енді өмірінің 
таусылар шағы жақындағанын сезген ақынның мұңға толы көңіл күйін 
бұл сөздер ұтымды жеткізеді. Өнердің туын тіккен, өр көңілді ақынның, 
сауық-сайранды, сәнді көп қызықтаған ақынның бұл кездегі қайғылы 
жайын баяндағанда өмірдің өтуін әшекейлеп тіккен қазақы қамзолға, 
соның шолақтығына салыстырып айтуы өте орыңды. Осы бір күнделікті-
тұрмыстан алынған қарапайым ғана нәрсенің өзі асқан өнерпаз ақынның 
өмірге құштарлығын, өкініш-арманын өте әсерлі, бейнелі түрде айтып 
жеткізуіне мүмкіндік беріп тұр.
Халық поэзиясы адамның кескінін – әйелдің, қыздың ажар көркін 
сипаттауда айрықша үздік көркемдік шеберлік танытады. Адамның 
тұрпат-бейнесін, бет-әлпетін, әйелдің, сұлу қыздың көркін, бой сымбатын 
кескіндеп бейнелеу
көркем портрет жасау
– қазақ поэзиясында аса 
көп тараған, машықты құбылыс. Мұның өзін халықтың эстетикалық-
әсемдік сезімінің байлығын, ұлттық сөз өнерінің көркемдік рухын айқын 
танытатын жарасымды көрініс деп қараған жөн.
Қазақ поэзиясында, әсіресе халықтық өлең-жырлар мен эпостық 


270
туындыларда адамның кескінін, сұлу қыздың, арудың келбет-сымбатын 
айшықтап, мәнерлеп суреттеуге үлкен мән беріледі, әйел портреті 
мейлінше көркем жасалады және бояуының ашықтығы, тартымдылығы, 
нақтылығымен айрықша көңіл аударады. Әрине, сөзбен мүсінделген 
портреттің нақтылығы, түс-бояуының айқындылығы қыл қалам шеберінің 
түрлі түсті бояумен салған портретіндегідей болмайтыны түсінікті. 
Суретші бояумен мүсіндеген портретте адамның өң-түсін өзінің табиғи 
көрінісіне мейлінше жақын етіп көрсете алатыны даусыз. Бірақ ақынның 
сөз бен суреттеп жасаған портретінің сурет-портреттен кем соғатын 
жағымен бірге артықшылығы да жоқ емес. Сурет-портрет қаншалық 
жинақталған, типтік сипат-ерекшеліктері мол бейнені көрсеткенімен, бір 
белгілі келбет-пішінді ғана танытады. Ал сөзбен мүсінделген портреттің 
кескін-кейпі толып жатқан әр қилы адамның бейнесін елестетуге 
негіз боларлық мүмкіндігі одан гөрі молдау, сондықтан оқушы қалауы 
бойынша сан алуан адамның бойына жанастыра қабылдайды. 
Қазақ поэзиясындағы 
әйел портреті
жан-жақтылығы, толықтығымен 
адамның тұлға-тұрпат, бет-ажарындағы өзгешелік сипаттарды саралап, 
талдап, айқындап бейнелейтін ерекшелігімен көзге түседі. Халық 
ақындары әдемі жас әйелдін кескін-келбетін құлшына сипаттайды. Бірақ 
мұны сұлулықты тек сырттай ғана қызықтау деп түсінбеу керек. Халықтың 
лирикалық, эпикалық туындыларының қай-қайсысында болсын әйелдің 
жан дүниесінің тереңдігі мен нәзіктігін көрсету, ішкі қасиеттерін 
қастерлеу әсіресе айқын сезіледі. Сондықтан халық поэзиясындағы 
жақсы әйелдің бейнесін белгілейтін сипаттарды сөз еткенде, алдымен 
оның ақыл-парасаты, адалдығы, адамгершілігі, сүйіспеншілік сезімінің 
күштілігі, тұрақтылығы мен табандылығы, өршіл-жігерлілігі өлеңдерде, 
өте-мөте көлемді жыр-дастандарда молынан көрінетінін айтуымыз керек.
Қазақ поэзиясында әйелдің көзін суреттегенде көбінесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет