Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет171/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

көсемше түріндегі етістік 
арқылы жасалған сипаттама 
эпитеттер
тізбек-тізбегімен қолданылады (
аңыратып, жайлантып, 
қоңырлатып, жамыратып
...). Осыған орай ұйқастар да түгелдей 
етістік сөздерден жасалып, үнемі бірыңғай үйлесіп отырады. Отыз төрт 


309
тармақтан тұратын осы үзіндіде ұйқас бір-ақ рет ауысады. «
Шырқатып, 
шығандатып, шалықтатып
» деп басталатын тұста ақын тіпті басқа 
сөздерді араластырмай, ылғи етістіктен жасалып сипаттама сөздерді 
бірнеше тармақта қатарынан тізіп беруге дейін барған. Олардың бәрі 
бірдей терең мағыналы болып шықпай, кейбіреуі солғындау көрінсе, ол 
таңғаларлық нәрсе емес. 
Ән-күйдің қоғамдық мәні, өнер адамының тағдыры жайлы мәселелерді 
Ілияс терең толғап, қазақ поэзиясының өзекті тақырыптарының біріне 
айналдырды. Ақынның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары бұған 
толық дәлел екенін М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, 
М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, т.б. әдебиетшілер аса жоғары бағалап, құнды 
пікірлер айтқан.
М.Дүйсенов «Ілияс Жансүгіров» атты кітабының «Өнер алды – қызыл 
тіл» дейтін тарауында Ілияс поэзиясының тіліне, бейнелеу тәсілдеріне 
тән бірталай өзгешеліктерді дұрыс байқаған
83

«Күйшіде» халық поэзиясына тән сөз нақыштары, бейнелеп айту 
үлгілері молынан кездеседі. Мұнда ертеден қалыптасқан, талайдан белгілі 
болған сөз өрнектері дайын күйінде алына салмаған. Олар халықтың сөз 
байлығын еркін меңгеріп алған ақынның өршіл, жалынды шабытының 
күшімен шыңдалып, ұстартылып, түрленіп шыққан. Бұрыннан нұсқасы 
бар белгілі 
теңеу, эпитет, метафора, символдарды
жаңа ақындық 
ой-сезіммен ұштастырып, жандандырып қолданғанда қандай керемет 
көркемдік шеберлік табуға болатынын Ілиястың осы поэмасынан әсіресе 
айқын көруге болады.
Күйді сипаттау үшін ақын әртүрлі салыстыруларды, бейнелі сөздерді 
өте шебер қолданады, кейбір теңеу, ұқсатуларды ақын дамытып, өрістетіп 
әкетеді. Мысалы:
Бұлақтай таудан тасып, тастан орғып, 
Аңқылдап жатыр жосып, сайды құлдап.
Немесе:
... Соқтырып кейде боран дауылдатып; 
Көңілдің асқарынан тұманды айдап, 
Артынан нөсерлетіп, жауындатып.
Дауыл, құйын, жел, нөсер, тас бұлақтың суы, тасқын, сел
– қазақ 
поэзиясында саулап, құйылып, төгіліп тұрған, шабытты, орамды, өткір, 
өктем сөздің, өлең-жырдың көркем, бейнелі баламасы-синонимі.
Күйді, күй сарынының орасан байлығын, сан құбылып отыратынын 
көрсету үшін, Ілияс халық поэзиясында әбден орын тепкен ақын, әнші 
83
Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы: Жазушы, 1965. 234-298-бб.


310
шабытын, жыр, өлең ағынын бұлаққа, дауылға, жауынға ұқсатып бейнелеу 
тәсілдерін толықтырып, дамытып қолданған. Осыны біз ақынның күйді 
тұлпармен, басқа мал не жануарлармен салыстырып суреттеуінен де 
анық байқаймыз.
Құмайдай түлкі қуған құлдыраңдап, 
Қырандай түлкі алатын көзі жайнап,
Бурадай кейде аузын қарш-қарш шайнап, 
Ойнақтап, оқ жыландай андағайлап; 
Тұлпардай жер тарпыған пысқырынып, 
Жорғадай майда дауыс, кейде маймақ.
Бұл жолдардан теңеудің көбінше жалаң сөзбен айтылмай, күрделі, 
қызықты жасалады. Мысалы, құр 
қырандай
демей, 
қырандай түлкі 
алатын көзі жайнап
деуі, 
тұлпардай
демей, 
тұлпардай жер тарпыған 
пысқырынып
деуі ақынның үйреншікті теңеулерді дайын қалпында 
қолдана салмай, өмірдегі маңызды бір шындық жайды елестетіндей сипат 
дарытып, сол арқылы теңеуді жандандырып, жаңартып отыратындығын 
аңғартады.
Ілиястың халық поэзиясының көркем ой-сезім байлығын емін-
еркіп игеріп, халықтық үлгідегі бейнелеу тәсілдерін батыл да шебер 
пайдаланады.
Аққу құс айдын көлде шомылғандай,
Лашын құс өз бойынан қорынғандай.
Үніндей домбыраның дүрілдетіп,
Көк тұйғын қуға түсіп соғылғандай.
Мұнда қыз да, жігіт те, жігіттің жай-күйі, қорқынышы, үміті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет