Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет186/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ІІ ТAPAY
ӨЛШЕМ-ӨРНЕКТЕР
ОНЫ ТҮРЛЕНДІРІП ҚОЛДАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Түркі тілдес халықтар поэзиясында ежелгі заманнан қолданылып 
келе жатқан өлең өлшемінің ең көнесі – 7 бу ынды өлең, өйткені түркі 
тілдес рулар мен тайпалардың көне заманнан сақталған поэзиялық 
үлгілерінде кеңінен тараған өлшем. «Егер 7 буынды өлеңнің барлық 
түркі елдері арасында мол жайылғанын еске алсақ, бұл түркі өлеңінің 
ең бір негізгі және көне өрнегі екені айқындалады»
98
, – деп жазды 
В.Гордлевский. Мұндай пікірді Ф.Корш те құптайды. 7 буынды 
өлеңнің өрнегі 4 буын + 3 буын болып келетін түрі жайлы айта келіп, 
Ф.Корш оны «түркі елдеріне ортақ 7 буынды өлеңге тән ең көне» 
ырғақ дейді. Ырғақ түркі елдерінің поэзиясында көп қолданылатын 
болса, қазақ поэзиясында ол 7 буынды өлеңде негізгі өрнек болып 
табылады.
«Басқаларынан гөрі қысқарақ, неғұрлым көп тараған және көне 
түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін жеті буынды өлеңді ең бұрын 
шыққан деп санау орынды»
99
,– дейді Ф.Корш. Т.Ко вальский мынаны 
айтады: «Корш 7 буынды өлеңді түркі елдеріне ежелден ортақ ең көне 
түр деп санаған, бірақ 11 бу ынды өлең де онан кем тарамаған»
100
.
11 буынды өлең мен жыр өлшемінің де көне дәуірде туғаны, 
бұның қазақпен туыстас көптеген елдердің поэзиясын да ежелден кең 
орын алғаны анық. Мұның бәрі түркі тілдес елдердің әдебиетінде, 
соның ішінде қазақ поэзиясында берік орныққан буынға негізделген 
өлең құрылысының түпкі негізі өте ерте заманда, көне дәуірде 
қалыптасқанын айқындайды.
Силлабикалық өлең
өлшемдерінің түркі тілдес елдермен ту ыстас, 
тарихи-мәдени жақындығы мол тәжік халқының ауызша әдебиетінде 
ежелден қолданылып келген. 11 буынды, 8 буынды, т.б. силлабикалық 
өлеңдер біздің заманымыздан бірнеше жүз жылдай бұрын туған 
белгілі «Авес та» атты кітаптағы өлең-жырларда да кездеседі
101
.
Әрине, қазақ өлеңінің жүйесі, құрылыс-бітімі әбден сараланып, 
өзіндік сипат алуы қазақ елінің халық болып құралуымен, 
қазақ тілінің жалпы халықтық тіл болып қалыптасуымен тығыз 
байланысты болды. Әдебиет, поэзия дамыған сайын, бұрын болмаған 
98
В.Гордлевский. Из наблюдений над турецкой песню. «Этнографическое обозрение», 1908. 
№ 4. 79-кн. стр. 69.
99
Ф.Корштің жоғарыда аталған еңбегінің 24-беті.
100
Известия Вост. фак. Азербайджанск. гос. ун-та, 1926. том І. стр. 149.
101
Брагинский И.С. Из истории таджикской народной поэзии. М., 1959.


343
жанрлық түрлер орнығып, молайған сайын өлең жүйесі, құрылысы 
шыңдалып, өрістей түсіп, оның сипат-белгілері де, қолданылатын 
өлшем-өрнектер де толысып келгені түсінікті.
11 буынды өлең өлшемінің түркі елдерінің поэзиясында 
қалыптасуы жайлы айтылған кейбір пікірлерге де тоқтала кету қажет.
Ф.Корш 7 буынды өлең тармақтың басында не аяғында ырғақтық 
бөлшегі (яғни бунағы) қайталану арқылы 11 буынды өлшемге айналуы 
мүмкін деп санаған
102
. 11 буынды өлең өрнегін Т.Ковальский 7 буынды 
өлшемнің өзгерген түрі (видоизменение) десе,
103
В.Гордлевский оны 
бас жағы қосарланып өсірілген 7 буынды өлең болады деп санайды
104
.
11 буынды өлшем мен 7 буынды өлшемнің ырғақтық құрылыс-
бітімінде бірлестік бар. Бір жүйедегі буын санына, буындардың 
тармақ ішінде бірнеше топ болып топтасуына негізделген өлшем 
болғандықтан, оларда ондай бірлестіктің болуы заңды. Бұл 
өлшемдердің ырғақтық құрылысындағы бірлестікті арттыра түсетін 
– олардың екеуінде де буындардың тармақ ішінде төрттен, үштен 
топтасып келуі. Тармақ ішіндегі ырғақтық бөлшектердің бұлай 
4, 3 буыннан топтасуы басқа өлшемдерде де кездеседі, сондықтан 
11 буынды өлеңді 7 буынды өлшемді жәй өзгерту, өңдеу арқылы 
жасалына салған деп қорытынды шығару қисынға келмейді. 11 
буынды өлең өлшемінде бұрыннан белгілі өлшемге қосымша кіргізу, 
өзгеріс енгізу арқылы пайда болған кейбір өрнектегідей жасандылық 
жоқ. Ол бөлекше, дербес сипаты бар, өзінің бірнеше түрлері, 
варианттары бар, ырғақтық құрылыс-өрнегі мейлінше ширақ және 
жатық, әуезділік, үнділігі жағынан әбден келісті, кең тынысты болып 
келген, соның нәтижесінде аса кең тараған өлшем.
Қазақ поэзиясының 
ырғақтық өрнегі, өлшемдері
жайлы айтқанда 
мақал, нақыл сөз, жұмбақ секілді сөз нұсқаларын да шет қалдыруға 
болмайды. Бұлардың ішінде белгілі өлең өлшемдері үлгісімен 
жасалғандары да, өзінше қалыпты ырғағы барлары көп кездеседі. Мақал, 
нақыл сөз, жұмбақтарды ырғақтық құрылысы жағынан еркін және 
алуан түрлі, өлең сөздің, ырғақты сөздің мейлінше қарапайым алғашқы 
үлгілерінің белгі-нышандарын жақсы танытады. Бұлардан біз өлең сөздегі 
өлшем-өрнектердің бастапқы, жаңа қалыптасқан түрлерінің сөйлем 
құрылысы мен әсіресе синтаксистік параллелизммен тығыз байланысты. 
Көп жағдайда синтаксистік құрылысы ұқсас, ықшамды, айтуға жеңіл 
сөйлемдер қатар алынады да, мұның өзі ырғақтың айқындалып, күшейе 
түсуіне себепші болады. Мысалы:
102
Ф.Корштің жоғарыда аталған еңбегінің 24-беті.
103
Т.Ковальскийдің жоғарыда аталған еңбегінің 24-беті.
104
В.Гордлевскийдің жоғарыда аталған еңбегінің 70-беті.


344
Өнерлінің қолы алтын, 
Өлеңшінің сөзі алтын.
Мыңнан біреу – көсем, 
Жүзден біреу – шешен.
Қалауын тапса, қар жанар, 
Қалауын таппаса, май да жанбас.
Осындай екі жолды мақал, жұмбақ, нақыл сөздердің көпшілігінде, 
ал төрт жолды нұсқалардың бәрінде белгілі өлшем, ұйқас қолданылады. 
Бұлардың алғашқыларында қолданылатын тармақтардың буын саны 
көбінесе төрттен сегізге дейін болады. 11 буынды тармақ аз, ал 
соңғыларында ең жиі қолданылатыны 7, 8 буынды тармақтар. 11 буынды 
тармақтар жұмбақтарда да мол ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет