Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Адамның басында болатын күйініш-сүйінішті суреттеу



Pdf көрінісі
бет23/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Адамның басында болатын күйініш-сүйінішті суреттеу. 
Адам 
баласы өмірде әр алуан жағдайға кездеседі. Оның қуанып, шаттанатын 
да, ренжитін, қайғыратын да кездері болады. Бұлардың бәрі де адамның 
ішкі сезім дүниесінде, рухани жан жүйесінде болатын құбылыстар.
Ақын, жазушылар өмір шындығының жыршысы, «адам жанының 
инженері» болғандықтан, ол жайларды көрсетуге міндетті. Оқушылар 
шығармадағы қаһармандардың ерлігін көріп риза болады, жеңісін, 
қуанышын көріп шаттанады, ауыр халін көріп қайғырады. Оқушы 
жұртшылықтың сезімдеріне ең үлкен әсер ететін нәрсе – адамның 
басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Оның әр алуан 
жолдары, әдістері бар.
Адамның сезім дүниесіндегі өзгерістерді суреттеудің әріден 
келе жатқан бір түрі – 
психологиялық параллелизм
. Ескі заманнан 
қалған әдебиет нұсқаларында адамның басында болатын қайғы, 
қуаныштарды көрсету үшін, сол халге сәйкес табиғаттағы бір 
құбылысты қатарластырып суреттеу әдісін кездестіреміз. Ол бір кезде 
адам баласының ой-санасының әлі сәбилік дәуірінде, табиғаттағы 
әр алуан құбылыстар жанды, оны қозғалтатын саналы күштерге 
бағыныңқы деген нанымнан туған да, кейін ой-сананың өскен кезінде, 
шартты түрде қолданыла берген.
Адамның сезім дүниесінде болатын құбылыстарды суреттеуде 
ауыз әдебиетіндегі ең үлгілі саналатын 
психологиялық параллелизмге
мысал үшін «Ер Тарғын» жырынан мына үзіндіні келтірелік:
Асыл туған Ақжүніс!
Көкті бұлыт қоршайды.
Күнді байқай қарасам
Күн жауарға ұқсайды.
Айды бұлыт қоршайды.
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Қол, аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.


46
Бұл – Тарғынның ауру азабынан, аштықтан әбден тарылып, өлуге 
таянған кездегі жан күйзелісін, ішкі сезім дүниесіндегі күйініштік 
халін суреттеу. Сол үшін ақын табиғаттағы әртүрлі құбылысты, әртүрлі 
жануарлардың арасындағы жайларды параллель етеді. Қаһарманның 
басындағы ауыр халін жырдан оқушылар сол қатарластыра суреттеген 
табиғат құбылысы, жануарлардың арасындағы жайлар арқылы сезінеді.
Адамның күйініш-сүйініші, рухани-психологиялық жайттар кейде 
ерекше құрылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет