Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет87/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Үш бірлік
» дегешміз: 
уақыт 
бірлігі
(оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана болуы керек), 
орын бірлігі
(оқиға тек бір орында ғана болуы керек), 
оқиға бірлігі
(бұнда оқиға 
бірінен-бірі туып, бұтақсыз, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік 
шиеленіс. 
Трагедияға қатысушы патша және басқа геройлардың сөздері өктем 
менмендікті көрсететін ірі сөздер болып келеді. 
Ода
мен 
эпостық 
поэма
лар да өте көтеріңкі, әсірелеген тілмен жа зылды. Езілуші таптың 
күнделікті сөйлеп жүрген тілдері тек комедияларда қолданылуға ғана 
болды. Әдеби шығарма, тіпті драмалық шығармалар да, дағдылы түрде 
өлеңмен жазылды.


131
Жалпы алғанда, классицизмнің өмір шындығынан алшақ жатқан 
жақтары көп, әрине, классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін 
өмір шындығынан алғаны сөзсіз. Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз 
електерінен өткізіп және өз табының көзқарасынан көрсетті. 
Романтизм
.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында 
феодалдық крепостнойлық қоғам ыдырап, буржуазия қанат жая бастаған 
дәуірде, орыс және Батыс Европа әдебиетінде қанатын кең жайған әдеби 
метод 
ро мантизм 
болды. 
Қоғам өміріндегі экономикалық өзгерістер идеологиялық мәселелерде 
де әр алуан өзгеріс, әртүрлі көзқарастарды туғызды. Айналасында болып 
жатқан өзгерістерге, өмір құбылыстарына қалай қарау мәселесі, әсіресе 
көркемөнер, әдебиетте анығырақ байқалды. Ақын, жазушылардың 
бір алуаны ескі феодалдық заманды аңсап, өткен күндерді мадақтап 
жырлауға, жаңа экономикалық дамулардың негізінде туа бастаған 
жаңалықтарды құбыжық етіп көрсетуге тырысты.
Екінші тобы жаңалықтың жаршысы болып, жақсылықты келешектен 
күтті. Бұлардың барлығына тән нәрсе төңірегіңдегі шындық болмысқа 
разы болмаушылық, төңірегіне өздерінің жеке идеяларын қарсы 
қоюшылық, бұл дүниені тастап, басқа бір дүниені аңсаушылық.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіне жанастырсақ, романтизм методына 
тән ерекшелігін де, оның прогрестік, регрестік түрін де кездестіреміз.
Романтизм методына тән ерекшеліктің бірі өзі өмір сүрген кезіндегі 
әлеуметтік құрылысқа, оның даму жолдарына ақын, жазушылардың риза 
болмай, өзінше наразылық білдіруі, басқа бір өмір іздеуі, өзінің ой-қиялын 
шығармаларында көрсетуі де соның нәтижесі дедік. Осы тұрғыдан 
қарағанда, бұған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Махамбетті, 
онын айналасын, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Абай және оның 
жолын қуушылардың шығармаларын мысалға келтіруге болады. 
Махамбет өлеңдерінде романтизмнің элементтерін біз мол 
кездестіреміз. Ақын өз кезіндегі хандық-феодалдық құрылысқа жай, 
әлсіз түрде ғана наразылық білдіріп қойған жоқ, соны өзгерту үшін 
көпшілікті қарулы күреске шақырды. Оның өлеңдеріндегі романтикалық 
сарынның негізінің өзі халық көтерілісінің рухынан туған болатын. 
Халық көтерілісі де, оның жыршысы Махамбет те жеңіліске ұшырады, 
ақын күштің халықта екендігіне көзі жетіп, оның келешегіне нық сенім 
білдірді. Махамбеттің «Ұл туса», «Бағаналы терек жарылса», «Ұлы 
арман» дейтін өлеңдері осыны көрсетеді.
Абай – қазақ әдебиетіндегі үлкен реалист. Қай жағынан алсақ та 
Абай реализмі өзіне шейінгі және совет дәуіріне шейінгі реалистік 
көзқарастағы қазақ ақын, жазушыларының қайсысынан болсын 
шоқтығы биік. Басқа елдердің ұлы реалист жазушыларына қойылатын 
шартты революцияға шейінгі қазақ әдебиеті өкілдерінен Абайға ғана 


132
қоюға болады. Абай творчествосы оны көтереді де, бірақ Абайдың 
өмір тануы, оны суреттеу әдісі негізінде реа лизм бола тұрса да, оның 
шығармаларында романтизмнің элементтерін де кездестіреміз. 
Абай өз кезіндегі ел билеу ісіне де, ескі феодалдық көзқарастан туған 
әр алуан сұрқия мінез-кұлық, іс-әрекетке де, пәлеқорлық, жауыздықтарға 
да наразы болып қана қойған жоқ, барынынша қарсы шықты. Ол реалист 
ақындар сапында шындықтың бетін ашып, болмыстың картинасын 
терең көрсете білумен қатар, қоғам даму жолдарының барысын 
дұрыс түсініп, халықтың болашағы өткен заманда емес, келешегінде 
екендігін ұғындырып көпшілікті алға жетектеді. Қазақ елінің мәдениеті 
алдыңғы елдердің қатарына қосылуы ерінбей еңбек етіп, мәдениет, 
оқу-өнерге ұмтылып, ескіліктен түгел арылғанда ғана мүмкін 
екендігіне жұртшылықты сендірді. Сөйтіп Махамбет, Абай, олардың 
үндестері реалистік методпен прогрестік романтизм методының негізгі 
элементтерін ұштастыра білді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Абай, Алтынсаринмен тұстас, ескі 
феодалдық көзқарасты қорғаған ақындарды: Шортанбай, Әубәкір, Мұрат, 
т.б. өздері өмір сүрген кезінде де, әлеумет өмірінің әр алуан жақтарына 
да риза болмады. Сондықтан «Заман азды, ел тоздының» гөй-гөйіне 
басты. Олардың айналасына риза болмауы, наразылық білдіруі былай 
тұрсын, келешектен де үміт үзді. Халықты алға емес, кейінге жетектеуге 
тырысты. Бар жақсылық өткен өмірде, баяғы хандық-феодалдық заманда, 
келешекте, қызығарлық та, көңіл аударарлық та еш нәрсе жоқ деп, өткен 
күнге бой ұрды. Кейбірі бұл дүниеден мүлде безіп, діншілдік-мистикаға 
берілді. Әдебиетіміздің бұл ағымы кертартпа 
регрессивтік романтизмнің
түріне жатады.
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі ақындардың шығармалары көбіне 
лирикалық толғау, сюжетсіз ұзақ өлеңдер болып келетін. Орыс не Европа 
әдебиетіндегідей сюжетке құрылған поэмалар бізде XIX ғасырдың ең 
соңғы кездерінде ғана туа бастады. Егер қазақ әдебиетінің өз материалы 
негізінде ро мантизм стилінде жазылған поэма, оның құрылысы, адам 
мінездерінің қалай жасалу жолдары жағынан келгенде, Абай балалары 
Ақылбай мен Мағауияның «Қисса Жүсіп», «Медғат-Қасым» поэмаларын 
ұсынуға болады. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында шын мәніндегі 
сюжетке құрылған романтикалық поэмалар деп осы екі поэманы айтуға 
болады.
Романтизм методына тән ерекшелік тек айналасына риза 
болмаушылық қана емес, оның басқа да ерекшеліктері бар. 
Бірінші

романтикалық шығармаларда оқиға дағдыдан тыс мекен, өмірде кездесе 
бермейтін жағдайда болады. 
Екінші
, қаһармандары болған адамнан 
гөрі, болуы керек не өте бір сирек кездесетін және қолынан жақсылық 
та, жамандық та келерлік, сөзіне ісі сай, қатардағы жай адамдардан 


133
дараланып, ерекше көзге түсерлік болып келеді. 
Үшінші
, романтикалық 
қаһармандарға тән мінез – мейлінше бірбет, қайсарлық, нені болсын 
олар жеріне жеткізе істейді. Ең ақыры, бұзылса мықтап бұзылып, 
түзелсе бұрынғы әдетін мүлде қайталамай, мықтап түзеледі. Жақсы 
көрсе құлай, беріле жақсы көреді де, жек көрсе, енді көрмес, қайрылмас 
шекке шейін барады. Төртінші, каһармандардың не портреттерін, не 
мінездерін қарсыма-қарсы қоюшылық; сұлулық пен сиықсыздық, ерлік 
пен қорқақтық, мейірімділік пен қаталдық, т.б. тәрізді екі шектегі мінез, 
көрік, іс-әрекеттерді шендестіріп суреттейді.
Романтикалық поэманың қазақ әдебиетіндегі үлгілерінен Мағауияның 
«Медғат-Қасым» поэмасындағы Қа сым образына тоқталалық. Қасым – 
өжет, қайратты, бірбеткей, қайсар, мейлінше кекшіл, істерінің қайсысы 
болсын ірі, жай адамның іс-амалдарынан бөлек, ерекше. Медғат Қасымды 
түтіктің (насос) астына қойып судың қатты соққан екпінімен жазалап 
жатқанда еш дыбыс шығармай шыдайды. Жауына мейлінше қатал.
Мұрат пен Медғатты өлімге бұйырған жерінде жүрегі бір бүлк етпейді. 
Оны көз алдына бұдан үш жыл бұрын өзіне Медғаттың қолданған ауыр 
жазасы елестейді. Сол қаталдығын қолға түскен Ғазизаға да жасамақшы 
бодады. Бұл жерде біз оның мінездерінің бір жағын көрсек, Қасымды 
да, Ғазизаны да тәрбилеп өсірген мейірімді ананың сөзінен кейін 
Ғазизаның кінәсын ол кешіреді. Бұл жерде біз Қасым мінезінің екінші 
жағын көреміз. Аңшылар қамап алып, мас жолдастарын өлтіріп, өзін 
ұстамақ болғанда, ең алдымен ол Ғазизаны жау қолына қалдырмауды 
ойлайды. Ғазизаны алдына мінгізіп, арқасын жау оғына тосады. Кейін 
бұларды қамаушылар Ғазизаның сүйген жігіт Сәлім бастаған аңшылар 
екенін біліп, тоқтайды да, осыдан аз-ақ бұрын өлімге бұйырмақ болған 
Ғазизаны туған қарындасындай қадірлеп, өзіндегі барын бөліп береді.
Поэмада тек мінездің ерекшелігі ғана емес, көңіл қойып оқыған адамға 
жоғарғы айтылған романтнзмге тән ерекшеліктердің басқаларын да 
табуға болады. Романтизмнің тағы бір түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет