ЭПИТЕТ ПЕН ТЕҢЕУ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғарғы талдап өткен
омоним, синоним, архаизм, шет сөз,
диалектизм, неологизм
бәрі де өз мағынасында қолданылатын сөздер
тобына жатады. Көркем тілдердің басқа түрлері өмір құбылысын сурет
арқылы көзге елестету міндетін қойса, өз мағынасында қолданылатын
сөздерге ол міндеттер қойылмайды.
Эпитет те, теңеу де ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы
көрсететін көркем сөздер және әдеби шығармаларда мейлінше жиі
кездеседі. Сондықтан әрқайсысына жеке-жеке тоқталуға тура келеді.
Эпитет (
грекше
– epitheton – қосымша).
Адамның не заттың,
не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың
бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін
қолданылатын көркем сөздердің бір түрін
эпитет
дейді.
65
Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірелік:
Сұр
бұлыт түсі
суық
қаптайды аспан,
Күз болып,
дымқыл
тұман жерді басқан.
(Абай)
Жұп-жұмыр
жұмысшының білегі бар,
Тап-таза
таптық ойы, тілегі бар,
Қып-қызыл
Ленин туы бір қолында,
Бір қолда балға, орақ, күрегі бар.
(Асқар)
Эпитетті қолданғанда, жазушылар жай қолдана салмайды, белгілі
мақсатпен қолданады. Жазушының қолданған эпитеттері, суреттеген
нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетеді.
Лахути, сал көзіңді,
жайнады
бақ,
Ол бақта
жайқалып
тұр гүл, қызғалдақ,
Жұпар
иіс, бой
балқытып,
ойды тербеп,
Күміс
шық жалтырайды маржандай-ақ.
(Жамбыл)
Совет халық әдебиетінің алыбы атанған Жамбыл, басқа со вет
ақындары да өздерінің өлеңдерімен де, жеке образдарымен де өз
табының, пролетариат табының, еңбекшілердің жырын жырлайды, сол
идеяларына жеке образдар, оның ішінде эпитеттерді де лайықтап алады.
Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет.
Тұрақты эпитет
деп,
көпшілігіне сол нәрсеге тұрақталып, бекілген эпитеттерді айтады.
Мысалы:
Қызыл
ту,
қызыл
әскер,
шұбар
төс, т.б.
Ерегіскен дұшпанға,
Қызыл сырлы
жебе едім.
(Махамбет)
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды,
Көп оғыньң ішінен
Сұр жебе
деген оқ алды.
(Батырлар жыры)
Осы келтірген үзінділердегі курсивпен басылған эпитеттер көбіне
66
сол сөздерге қосақталып айтылады. Мысалы: жұдырықтың алдындағы
«мүйіз»; жебенің алдындағы «қызыл сырлы», «сұр», т.б.
Батырлар жырында жебе деген сөздің алдында көбінде екі эпитет
жүреді. Жебеге осы екеуі тұрақталып, бекілген. Жебе деген сөзді қай
жерде қолданса да не «қызыл сырлы», не «сұр» жебе деп келеді.
«Төс» деген сөздің алдындағы «шұбар» деген эпитет еңбекшілерге
мүлде қолданылмайды. Патшадан шен-шекпен алған тек езуші, қанаушы
байлар табының адамына ғана бекіген, соларға ғана айтылатын эпитет.
Осылар сықылды эпитеттерді
тұрақты эпитет
дейді.
Эпитет болатын көбіне сын есім
(ақшыл бұлт, ащы
дауыс
,
Қызыл
ту).
Достарыңызбен бөлісу: |