Қысқа диалог бойынша жаттығулар. Оқушылар жүпқа бөлінеді, оның біреуі — педагог, екіншісі — тәрбиеленуші. Оларға диалог үшін 5 минутқа тақырып беріледі, содан кейін олар ролін ауыстырады. Күрделенген варианты —диалогқа оқушы -педагогтардың импровизациялық комупикативтік ықпалына есептелген кіріспе тапсырма енгізіледі.
Кәсіптік-педагогикалық қарым – қатынас негіздерін қалыптастыру жөніндегі жаттығулар. Студенттер мектептегі, клубтағы бір-бірінің лекциясына қатысады да, сабақта оларды талдайды; студеттер оқытушымен бірге әр турлі шараларға, педагогтардың сабақтарына қатысып, жаттығу сұрақтары ретінде оларды талдайды. Мектепте студенттер сабақтың барлық турлеріне қатысып, тәжірибелі педагогтармен кездеседі.
4-кезең:Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар (тест, өзіндік жұмыс тапсырмалары) құрастыру және оларды талдау жұмысы.
Сұрақтар
1.Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының 50% ...... байқалады?
«Талқылауда»
2.Оқу жоспарын жасау маңыздылығы-.......қабілеті артады? «Өзіндік жаратылыс әлемін»зерттеу.
3.ЖАДА дегеніміз не? «Жақын арадағы даму аймағы»
4.Оқуда қолданылатын әнгімелеу түрлері? «Әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме»
5.Адамдардың қалай оқитындығы туралы негізгі бағыттарды атаңыз? «Әлеуметтік психология, когнетивті психология, аффективті психология»
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім білім беру және оқыту модулі қай модульмен тығыз байланысты? «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»
7.Сыныптағы диалогтық әңгімелесудің неше түрі бар? «3»
8.Бағалау тиімділі қай уақытта артады? «Мұғалім оқушымен нәтижелі, кері байланыс орнатқанда»
9.Кембридж бағдарламасының 7 модуліне сәйкес білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер? «Қалай оқу керектігін үйрету, диалог арқылы оқыту»
10.Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің........ жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсетеді? «Жақын арадағы даму аймағында»
5-кезең: Қорытынды ұсыныс енгізу.
Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек. Байқағыштық – мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті .
Достарыңызбен бөлісу: |