Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүние жүзілік шаруашылық



бет13/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Байланысты:
лекция

4. Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүние жүзілік шаруашылық.

1. ҒТР ұғымы, тән ерекшеліктері мен құрамдас бөліктері.


Ғылми-техникалық революция дегеніміз - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту.

Шығыс Азия елдерінің компасты (Қытай, Шэн Хуа,1088ж), оқ-дәріні ойлап табуы және қағаз бен кітап шығару тәсілін меңгеруі (Қытай, Цай Лунь,105ж.), 16-18 ғасырларда Еуропадағы манифактуралық өндірістің дүниеге келуі ғылыми-техникалық прогресстің алғышарттарын қалыптастырды. Одан әрі 18 ғасырдың соңында машина өндірісі (ДЖ.Уаттың бу машинасы, 1764ж.) пайда болды. Ол өз кезегінде ғылымда технологиялық тұрғыдан қолданыла бастады. Нәтижесінде осының барлығы адамзат алдында шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осы уақытта ғылыми-техникалық прогрестің екінші кезеңі басталды.

ҒТР-дің дамуына 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтардың (электронның, радийдің,химиялық жаңа элементтердің ашылуы, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуі) қолданысқа толық енуі әсер етті.

Бұл кезеңдер ғылыми техникалық прогрестің үшінші кезеңін – ғылыми техникалық революцияны қалыптастыруға ықпалын тигізді.

20 ғасырдың ортасына дейін динамикалық дамуда болған ғылыми техникалық прогреске ҒТР өте қарқынды серпінділік көрсетті. Қоғамдық өмірге үлкен өзгеріс әкеді.

1946 жылы адамзат тіршілігінде тұңғыш рет электронды есептеуіш машина ойлап табылды. (АҚШ); 1950 жылы автомобильдің поршенін шығаратын тұңғыш автоматтандырылған зауыт іске қосылды (КСРО); 1954 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет атомдық электр станциясы іске қосылды; 1957 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды (КСРО).

ҒТР-дің негізгі айқындаушы сипаттары және өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар мыналар:

-Ғылыми техникалық революция ауқымы кең әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, тұрмыс жағдайына да, өндіріс сатыларын да ықпал етті.

-Ғылым мен өндірістің интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын, т.б. жағдайларды күрт өзгертті.

-Ғылыми техникалық революция негізінде жаңа принципті техника мен технология жасалынып, өндіріске енгізілуде, сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді.

-Микроэлектрондық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интелектуальды элементтерді пайдаланатын электронды есептеу машиналары (ЭЕМ), икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды.

Одан әрі ғылым мен өндіріс қосылып, біртұтас процеске айналды. Осының негізінде:

-аз қалдықты немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Машина кешенінің құрамдас бөліктері мен элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді.

-ҒТР өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алынған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Материалдарды өңдейтін жаңа әдістер одан әрі жетілдірілді.

-ҒТР жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашты. Демек, бұл білім беру жүйесіне де революциялық өзгерістер енгізді.

Жоғарыдағы өзгерістерді қорыта келіп, экономистер, философтар мен. Социологтар қазіргі ҒТР-ді біртұтас күрделі жүйе деп есептейді. Оның бір бірімен тығыз әрекеттесетін төрт құрамдас бөлігі бар:



  1. ғылым

  2. техника мен технология

  3. өндіріс

  4. басқару.

Жаңа техника мен технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат- өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру. Осыған орай ҒТР жағдайында техника мен технологияның дамуы екі түрлі жолмен өтеді. Бұрыннан белгілі техника мен технологияны одан әрі жетілдіру, яғни машиналар мен құрал жабдықтардың, аспаптардың санын арттыру әдісімен дамуды эволюциялық жол дейді.Түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу жолын – революциялық жолмен даму дейді. Бұл жол техникалық өндіріске, оның ішінде электрондық техника өндірісіне тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет