Ключевые слова:
ассоциация, методическая и психологическая поддержка дистанционные
соревнования.
Key words:
association, methodological and psychological support, distant competitions.
ной конференции по профессиональной ориентации в университете Асия (Япония) 9-11
мая 1991 г. //Вопросы психологии.– Г. 1992. - № 1.
4. Гершунский Б.С. Философия образования: Учебное пособие для студентов высших
и средних педагогических учебных заведений. - М.: Московский психолого-социальный
институт, 1998.- 432 с.
44
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»
бағдарламасының 79 - қадамында
айтылғандай, «білім беру жүйесінде
– жоғары сыныптар мен жоғары оқу
орындарында ағылшын тілінде оқытуға
кезең-кезеңмен көшу - түлектердің бәсекеге
қабілеттілігін және білім беру саласының
экспорттық әлеуетін арттыру» болып
табылады.
2019-20120 оқу жылында ағылшын
тілінде пәндерді оқыту Республикалық
пилоттық мектептер құрамына Орал
қаласының 49 білім беру ұйымы еніп, 172
мұғалім жұмыстанды, ал 2020 жылдың
1 қыркүйегінен бастап 238 мұғалім
үштілділікті енгізуді бастады. Оның ішінде
232 мұғалім ішінара (частичное) 100%
- дық жүктемемен, ал 6 мұғалім толық
(полное) жүктемемен енгізіп, қосымша
негізгі лауазымдық қызметақыдан 200%-
дық (35 394 тенге) үстемақы алып жұмыс
атқаруда. Педагогикалық кеңес пен ата
- аналар комитеттерінің шешімі бойынша
7-9 сыныптарда химия, биология, физика
және информатика пәндері ағылшын
тілінде вариативті компонентінен
оқытылады. Жалпы жаратылыстану пәндері
мұғалімдерінің 76,4 пайызы ағылшын тілі
курсынан өткізілді, оның 41,4 пайызы
сабақ беруге рұқсат етілетін шекті деңгейді
меңгерген. В1 - жоғары деңгейді меңгерген,
соның ішінде 51 мұғалім физикадан, 74
мұғалім биологиядан, 54 мұғалім химиядан
және информатикадан 59 пән мұғалімі осы
бағдарлама бойынша жұмыстануда.
Қалалық білім беру бөлімінің 2018-
2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары
негізінде жаратылыстану пәндерін ағылшын
тілінде оқытатын мұғалімдерге әдістемелік
көмек көрсету мақсатында «Time for
CLIL in Core subjects» атты ассоциация
құрылып, №44 мектеп - гимназия «Тірек
мектебі» ретінде бекітіліп, күні бүгінге
дейін жүмыстануда. Бұл ассоциацияның
координаторлар құрамына қалалық
әдістемелік қабинетінің химия-биология
пәндерінің әдіскері С. Кажгалиева
және №44 МГ химия пәнінің мұғалімі А.
Урбисенова, модераторлар ретінде пәндер
бойынша биологиядан Г. Закиева мен А.
Имангалиева, физикадан Г. Жексенғалиева,
химиядан Г. Кабылкайрова, информатикадан
А. Кинешов пен С. Қуанаева қабылданып,
жұмыс жоспарын жасақтап, жүйелі
түрде жұмыстанып келеді. Осы аталған
ассоциацияның мақсаты пән мұғалімдеріне
психологиялық қолдау мен әдістемелік
көмек беру болып табылады және
жоспарға сай 2018, 2019 оқу жылдары
қала мектептерінің мұғалімдеріне оқыту -
шеберлік сыныптар және тәжірибе алмасу
алаңдары ұйымдастырылып келсе, 2020 оқу
жылынан бастап mixed group (аралас топ)
білім беруші және білім алушы қатысуымен
шеберлік сыныптар оздырылды.
«Time for CLIL in Core subjects»
ассоциация
модерторларының
ұйымдастыруымен жалпы білім беретін
мектептердің биология, химия, физика,
информатика пәндерін ағылшын
тілінде оқытатын пән мұғалімдерінің
кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал
ету, шығармашылықпен жұмыс
жасайтын мұғалімдердің инновациялық
тәжірибелерімен алмасу мақсатында
«Қолайлы тілдік ортаны құру жағдайында
көптілділікті дамыту» -«Development of
multilingualism in conditions of enabling
language environment» тақырыбындағы
шеберлік сыныптар ұйымдастырылып,
өткізілді. Бұл шараға облыс мектептерінен -
22, қала мектептерінен - 80 пән мұғалімдері
тартылып, тәжірибе алмасу алаңында
теориялық білімдерін практикамен
ұштастырып, әдістемелік көмек ретінде
нұсқаулықтармен қамтылып, өз
қиыншылықтарының шешу жолдарына
қол жеткізді.
2020-2021 оқу жылы пәндік семинарлар
ұйымдастырылып, жалғасын тауып келеді.
Осындай бірлескен, жүйелі жұмыстың
нәтижесі де жоқ емес. 2018 жылы аймақтық
әдістемелік форум шеңберінде ҚР БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «Ы.
АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ» жалпы білім беру
орталығының директоры М.Е. Адамованың
қатысуымен ұйымдастырылған форумда
тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестер
тарапынан жоғары бағаға ие болды.
|