Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы



бет13/50
Дата06.02.2022
өлшемі265,72 Kb.
#73960
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн
Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы


Жоспары:
1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.
2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар
3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу
Лекция мәтіні :
1.Чарльз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады.
1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады.
Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль” (“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады.
Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды.
1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі. Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 апрельде Суматрадан 600 миль қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған . Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады.
2.Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. .
1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің ‘Табиғатты сұрыптау жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталып қалуы” деген әйгілі кітабы шығады. Еңбектерінің ішінде ерекше зейін аударатыны екеу. «Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» және «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» бұлар «Түрлер тегі» мен бірге тұтас ғылыми теория құрады.
3.Дарвин өсімдіктердің айқас тозаңдануында күрделі бейімділіктер бар екенін дәлелдейді. Бұл фактыны эвалюциялық теория тұрғысынан талғау айқас тозаңданудың рөлін анықтауды қажет етті. Бұл жөнінде жасалынған көптеген эксперименттердің нәтижесіне сүиеніп, Дарвин айқас тозаңданудың. биологялық пайдасы бар деген қорытындыға келеді, себебі өздігінен тозаңданумен салыстырғанда айқас тозаңданудан әлді және тұрақты ұрпақтар алынады. Дарвиннің бұл зерттеуінің қорытындысы өсімдік дүниесінде айқас және өздігінен тозаңданудың әсері деген арнаулы еңбегінде баяндалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет