Популяциялар - эволюцияның қозғаушы үш факторы: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптаудың өзара әрекет негізінде тіршілік жағдайларының әсерімен қалыптасады.
3.Т ұ қ ы м қуалайтын өзгергіштікке организмде пайда болғаннан кейін оның келесі ұрпақтарында сақталып отыратын және жыныстық жолмен көбейгенде сақталып отыратын қасиеттер жатады. Өсімдіктердің немесе жануарлардың бір түрлерінен белгілі бір орталыққа генетикалық бейімделген особьтар топтарын бөліп алып көрсетуге болады. Өсімдіктерде сондай топтардың болатынын бірінші байқаған Г. Турессон, ол түр ішіндегі сондай экологиялық формаларды э к о т и п деп атауды ұсынды. Бұл автордың ұғымында, экотиптерге тән сипат олардың әрқайсы белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүреді және оның өзіне тән.
Сөйтіп, мұнда түқым қуалайтын экологиялық өзгергіштік болатыны байқалады. Бұған Турессон сипаттаған Оңтүстік Швециядағы шатырша ястребинка мысал болады. Өсімдіктің бұл түрі теңіздің құмды жағалауларында өседі, оның жіңішке, бетін түк басқан жапырағы, ұзын төселмелі өркендері болады. Құзды жағалауларда басқа формасы өседі. Бүл келте өркенді, жалпақ тегіс бетті, түксіз жапырақты болады. Үшінші формасы Швецияның орталық аймағынан алынып сипатталды, ол биік тік сабақты, жапырақ пішіні де өзгеше, кеш гүлдейді.
Тұқым қуалайтын езгергіштіктерден өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктер модификация немесе флюктуация деп аталады. Бұл организмнің онтогенез процесінде сыртқы орта жағдайларының әсерімен пайда болады және жынысты жолмен көбейгенде ондай өзгерістер келесі ұрпақтарына берілмейді. Осындай модификациялар болатындығын қарапайым тәжірибемен-ақ дәлелдеуге болады. Осы мақсатта өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею қабілеті пайдаланылады. Сондай қабілетті өсімдік бірнешеге бөлініп, түқым қуалау қасиеттері бірдей бір топ индивидуум алынады. Бір особьтан вегетативті жолмен алынған ұрпақтардың бүкіл тобы клон делінеді. Бір клонның особьтарын әр түрлі орта жағдайларына орналастырып, олар түрліше экологиялық факторлардың талқысына түсіріледі. Калифорнияда Дж. Клаузеннің жүргізген осындай тәжірибесі ойпат жерден альп шалғындықтарына апарылып өсірілген өсімдіктің өзгеретінін көрсетті, ал оны тау етегіндегі алқапқа қайта апарып өсіргенде, оның бастапқы қасиеттері қайтадан өз қалпына келді.
Жеке өзгергіштік дегеніміз — бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ әрқайсының өзіне ғана тән қандай да бір белгілерінің болуы. Бір туысқан ұрпақтағы барлық особьтарды бір-бірімен салыстырғанда немесе бір жерде мекендеуші бір топ особьтарды бір-бірімен салыстырып қарап шыкқанда аталған жеке өзгергіштік оңай-ақ байқалады. Мысалы, бір жерден еркек бүғы қоңыздың бір тобын алып өзара салыстырсақ, олардың денесінің үлкендігі бірдей емес екендігін көреміз. Басқа насекомдардың реңі өте өзгергіш келеді. Бүған сары қоңыз мысал болады. Мүның металл тәрізді жалтырауық түсі әр особінде әр түрлі реңді болып келеді: жасыл, сарғылт-жасыл, күрең-қызыл, кейде күңгірт-күлгін, көк, тіпті қарасы да болады. Қалыпты реңді ұялас қасқырлардың арасында мүлдем қара түсті қасқыр кездеседі. Көртышқандардың арасынан боз реңді индивидуумдар кездеседі. Бір жерде өсірілген бір сортты бидайдың пісіп жетілген масақтарын салыстырғанда, олардың ұзындығы, ондағы дәнектерінің саны, реңі және басқа белгілері әрқайсында әр түрлі болып шығады.
ІV модуль Макроэволюция проблемалары
Достарыңызбен бөлісу: |