Жоспары: 1.Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы
2.Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті, жыныстық сұрыптау.
3.Жеке және топтық сұрыптау
Лекция мәтіні:
1. Егер түрге жататын өкілдер қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі болады. Көптеген өкілдердің бірқатарының қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Демек, организмнің тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Қандай да болмасын тіршілікке бейімділігі жоғарылау организмдер аман қалып арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Осылай бір организмнің қырылып кетіп, екінші біреулерінің аман қалып арттарынан ұрпақ қалдыруын табиғи сұрыптау деп атаймыз. Сұрып атауын жабайы организмге қолданудың өзі шартты түрде. Себебі табиғи жағдайда қолдан сұрыптаудай ешкім сұрыптау жүргізбейді. Сұрыптау атауын Дарвин қолдан сұрыптаумен салыстырып қолданған. Мұндай аналогияның мәнісі табиғи сұрыптауда да, қолдан сұрыптау да сұрыптау материалы организмнің ұсақ, жеке өзгергіштіктері болып табылады. Демек, сұраптау нәтижесі біртіндеп жиналады. Сөйте тұра, қолдан сұрыптаудың бір ерекшелігі, оның нәтижесі біртіндеп болса да табиғи сұрыптаумен салыстыра, әлде қайда жылдам жүреді.