Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Innovative College мекемесі


Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)



бет3/6
Дата23.11.2022
өлшемі63,1 Kb.
#159459
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
docx1644291109

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – қолданушыларға деректер қорын анықтауға, жасауға, қолдауға және оны бақылауға мүмкіндік беретін программалық жасақтама. Деректер қорын басқару жүйесі бұрыннан бері қолданыста, олардың көбісінің пайда болуы үлкен есептеуіш машиналарындағы құрылымдалмаған файлдар жүйелерінің пайда болуына негізделген. Деректер қорын басқару жүйелері саласында жалпыға бірдей қазіргі заманғы технологиялар мен қатар, дамып келе жатқан бизнестің талаптары, корпоративті деректердің үнемі ұлғаюы және Интернет технологиялардың әсерінен жаңа бағыттары пайда болды.
Реляциялық (ағылш. relation – байланыс) деректер қоры. Негізгі ақпараттық ағындарды басқару бастауын дәстүрлі деректер қоры жүйесінен алатын реляциялық басқару жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Реляциялық деректер қорымен клиент-сервер технологиясын біріктіру заманауи кәсіпорынға тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілігін сақтай отырып, өз деректерін табысты басқаруға мүмкіндік береді.
Реляциялық деректер қорында математикалық қатынастар теориясына негізделген қуатты теориялық негіз бар. Реляциялық деректер қоры теориясының пайда болуы, екі класқа бөлінетін сұраныстар тілін жасауға негіз болды:
– қатынастарға қолданылатын арнайы операторлар арқылы сұраныстарды сипаттауға мүмкіндік беретін алгебра лық тілдер;
– қолданыстағы қарым-қатынастардың белгілі бір жиынтығынан жаңа қатынасты анықтайтын өрнекті жазу ережелерінің жинағы болып табылатын предикаттық есептеу тілдері.
Ендеше предикаттық есептеу тілі деректер қорындағы қолданыстағы қатынастардан сұранысқа жауап ретінде алынатын жаңа қатынасты анықтау әдісі болып табылады.
Реляциялық ДҚБЖ мысалдары: MySql, PostgreSql. Реляциялық модельде шынайы өмір нысандары және нысандар арасындағы байланыс, өзара байланысқан кестелер (қатынастар) көмегімен ұсынылады.
ДҚБЖ функциялары бір немесе бір неше кестеден апарат таңдау үшін пайдаланған жағдайда да (яғни сұраныс жасалғанда) нәтиже кесте түрінде ұсынылады. Сонымен қатар сұранысты басқа сұраныстың нәтижелерін пайдалану арқылы жасауға болады.
Деректер қорының әр кестесі жолдар мен бағандар жиынтығынан тұрады, мұнда жолдар (жазба) – нысан, нақты оқиға немесе құбылыс саны, ал бағандар (өрістер) – нысанның, оқиға немесе құбылыстың атрибутта ры (белгілер, сипатта ма лар, параметрлер).
Деректер қорымен жұмыс жасау барысында пайда болатын ең негізгі мәселе – іздеуді ұйымдастыру. Соны мен қатар деректер қорында әдетте ақпарат көп болғандықтан, программалаушыларға тек іздеуді ғана емес, тиімді іздеуді жүзеге асыру міндеті қойылады, яғни іздеуді салыстырмалы түрде аз уақытта және жеткілікті дәлдікпен ұйымдастыру. Ол үшін (сұраныстардың өнімділігін тиімділеу үшін) кестенің кейбір өрістеріне индекстеу жүргізіледі. Индекстер бір бағанның көрсетілген мәні мен жолдарды жылдам іздеу үшін ыңғайлы. Индекссіз кесте бірінші жазбадан бастап тиісті жолдар табылмайынша, бүкіл кесте бойынша оқылады. Кесте неғұрлым үлкен болса, шығындар да көп болады. Егер кесте де қарастырылатын бағандар бойынша индекс болатын болса, он да деректер қоры деректердің барлығын қарастырмай, деректер файлының ортасынан іздеу үшін позицияны жылдам анықтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет