Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Курстық жұмыс төмендегі тараулардан тұрады



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.09.2023
өлшемі234,82 Kb.
#182273
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
esengaliev

Курстық жұмыс төмендегі тараулардан тұрады: 
 


Жоспар 
 
І Кіріспе 
ІІ Негізгі бөлім 
1. Мемлекеттік шекара мен көлікте ветеринарлық-санитарлық бақылауды 
ұйымдастыру. 
2. Мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық тұрғыдан қадағаланылып-
бақыланылатын «жүктерді» экспорттау мен импорттау кезеңдерінде 
қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар және жүргіізілетін қадағалау 
мен бақылаулар
.
3. Көлік құралдарына қойылатын ветеринарлық - санитарлық талаптар және 
онда жүргізілетін қадағалау мен бақылаулар. 
4. Жануарларды тасымалдау кезіндегі көліктегі ветеринарлық санитарлық 
шараларды ұйымдастыру.
5. Қадағаланып - бақыланылатын “жүктерді”
тасымалдауға пайдаланылған 
көлік құралдарын ветеринарлық - санитарлық өңдеуден өткізуді 
ұйымдастыру, өткізу технологиялары мен тәртіп-жолы. 
ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
V Қосымшалар
 
 
1.
 
Курстық жұмысты орындау мен рәсімдеу тәртібі 
 
Курстық жұмыс, кафедрамен белгіленген тақырыпқа студенттің өз 
бетімен орындалады. Көліктегі және кедендегі ветеринарлық қадағалау 
мамандарының жұмысымен, студент, зертханалық-тәлімдік сабақтарда және 
темір жол бекетіндегі көліктегі ветеринарлық бақылау пункттеріне, сонымен 
қатар Республиканың мемлекеттік шекарасындағы ветеринарлық бақылау 
пункттеріне жеке бару арқылы танысады. Сондықтан курстық жұмыс 
негізінен реферативтік сипат алады (өндірістік тәлім 4 - ші курстан кейін 
жоспарланады). 
Курстық жұмыстың тақырыбының атауы мазмұнына сәйкес болуы тиіс. 
Жұмысты сызбалармен, кестелермен, суреттермен, анықтамалармен, акт 
көшірмесімен көркемдеуге болады. 
Курстық жұмыс стандарттық қағаз беттерінде анық жазылады, беттері 
санмен белгіленіп, тығыз жабынды қағазға тігілуі тиіс. Бірінші бетті 
титулдық бет ретінде рәсімдейді, онда жоғары оқу орнының, кафедраның, 
пәннің, тақырыптың атаулары, жылы, орындаушы студент пен тексеруші 
оқытушының аты - жөні жазылуы тиіс. Екінші бетінде мазмұны, курстық 
жұмысты орындау жоспары жазылады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 
шамамен 20-25 беттен аспауы тиіс. 
Курстық жұмыс оқу - емтихан сессиясы басталудан 1 ай бұрын 
кафедраға ұсынылып, орындаушы студентпен бүкіл топ студенттерінің 


алдында қорғалады. Белгіленген мерзімге курстық жұмысты орындамаған 
студенттер емтихан тапсыруға жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет