Курстың қысқаша мазмұны: Ұсынылған пән базалық пәнге жатады. Оқытылатын курс келесі сұрақтарды қарастырады: жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі, педагогика ғылымының әдіснамасы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі, жоғары мектептегі оқыту теориясы қарастырылады, жоғары білім беру мазмұны, кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру, Оқытуды әдістері мен түрлері, жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары, ЖОО-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қызметі, оқу-әдістемелік материалдарды құру технологиясы, кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын және ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру, жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу, білім беру менеджменті мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |