|
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері
|
бет | 5/21 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 1,56 Mb. | | #108915 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Бектасова Б ТП-18-2К1 5апта срсСабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:
-
Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
-
Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
-
Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
-
Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
-
Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
-
Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
-
Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
-
Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
-
Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
-
Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
-
Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
-
Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
-
Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
-
Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
-
Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
-
Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
|
|
|