50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:
• Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады.
• Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.
• Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті:
• 1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды.
c) Тың және тыңайған жерлерді игерудің ерекшеліктерін
сипаттаңыз
1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
d) 1965-1985 «тоқырау жылдарындағы» экономиканың дамуының
ерекшеліктерін айқындаңыз
1965-1985 «тоқырау жылдары» экономиканың интенсивті дамуына жол ашу үшін жаңа шаруашылық реформалары жүргізіле бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, өнеркәсіптер салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындары шаруашылық есеп жүргізуде шығынды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру және марапаттау арқылы шараларға қол жеткізетін болды.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарлары қабылданды. Әйтсе де реформалар, бір жағынан, экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші жағынан, экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші жағынан орталық өктемдік жоспарларға директивалық түзетулер мен толықтырулар енгізуді тоқтатпады.Коммунистік партияның дербес басшылығы, мемлекеттік меншік үстемдігі КСРО-ның экономикалық негізін өзгерте алмады. Халықтың табысы төмендеп, тауар тапшылығы өсті. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты одан әрі тереңдеді. 70-жылдардың ортасына қарай кеңестік экономика жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көрінді. Кеңес Одағы коммунистік партиясының экстенсивті және әкімшіл-әміршіл экономикасы даму тетіктерінен толық айырылып, түбегейлі өзгерістер қажеттілігіне жеткізді. Осы тұрғыда 1985 жылдан экономиканың бірқатар салаларын қамтыған «қайта құру» реформасы басталды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, шаруашылық есеп жүйесі енгізілді, кооперативтер ашылды. Кеңес билігі кезеңіндегі жоспарлы шаруашылық жүйесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасының дамуына кедергі келтірді.
е) Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы Кеңес үкіметінің экономикалық дамуына қорытынды жасаңыз
Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, майданды қару-жарақпен, мал және мал өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз етті.Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери өнеркәсіп базасы ретінде 5830 тонна астық, 745тонна ет, қорғасынның 80 пайызын, полиметалдың 70пайызын берді.1941-1945жылдары460 зауыт, фабрика кеніштер мен шахталар салынды.Қазақстан аумағына елдің батыс бөлігінен 220 зауыт пен фабрика көшірілді.
1946-1950 жылдардағы 4 бесжылдық жоспары бойынша халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру мен бейбіт өнімдерді шығаруға көшіру міндеттері белгіленді. 1947 жылы карточкалық жүйе жойылды, ақша реформасы енгізілді.Республика халықшаруашылығының дамуы қыруар қаражат пен шикізат көзінің тартылуы арқылы жүзеге асырылды.
17. а) Шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайын баяндаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |