2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық‑қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда‑саттық дипломатиялық қарым‑қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді; Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.
3.Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Ғалымдар Қазақстанның ертедегі тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Оларды шошақ бөріктілер – сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Теңіздің арғы жағындағы сақтар - сақ-парадарайа деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы “шошақ төбелі сақтардың” жиі қоныстанған орталығы болған. Осы”шошақ төбелі сақ” деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін “шошақ төбелі қазақпыз” деп атап келген.
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
Достарыңызбен бөлісу: |