Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Қазақ  зиялыларының  ұлттық  өкімет  құру  жолындағы  іс-



Pdf көрінісі
бет20/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

2.Қазақ  зиялыларының  ұлттық  өкімет  құру  жолындағы  іс-

әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз. 


 

22 


 

 

Қазақ  халқы  ұлт-азаттық  күресінің  асқар  шыңы  –  ХХ  ғасыр 



басындағы  Алаш  қозғалысы  болды.  Бұл  қозғалыстың  басында  қазақ 

зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде 

басталған  революция  қазақ  зиялыларының  өз  халқының  құқықтарын 

қорғау  жолындағы  қызметін  жандандыра  түсті.  Алашорда  үкіметінің 

өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа 

шет  аймақтардағыдай  Қазақстанда  да  ұлт  өміріне  қатысты  ең  өзекті 

мәселелерді  шеше  алмаған  әлжуаз,  тұрақсыз  саяси  билікке  айналуы, 

оның  арты  бүкіл  империяны  қамтыған  анархия,  зорлық-зомбылыққа 

ұласуы  еді.  Қазақ  еліндегі  асқынған  жер  мәселесі  шешілмеді,  казак 

әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті 

қазақ  халқының  үстінен  жүргізген  озбырлығы  өрши  түсті.  Осындай 

жағдайда  қазақ  зиялылары  арасында  ұлттық  мемлекекеттілік  туралы 

мәселе талқылауға  түсті.  Осы  мәселені  қамтыған  Жалпықазақ-қырғыз 

съезі  1917  жылы  5-желтоқсанда  Орынбор  қаласында  ашылды. 

Нәтижесінде,  «Алаш»  автономиясы  дүниеге  келіп,  елді  бүліншіліктен 

қорғау  мақсатымен  Алашорда  аталған  Ұлт  Кеңесі  құрылды.  Оған  25 

адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін 

бірден  милиция  құруға  шешім  қабылданды.  Одан  өзге  ұлт  қазынасын 

құру,  оқу-ағарту  жүйесін  қалыптастыру  т.б.  шаралар  арқылы  ұлттық 

мемлекеттің  шаңырағын  көтеруге  тырысты.  Алаш  қозғалысы 

Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай 

және  рухани-мәдени  өзгерістердің  нәтижесінде  өмірге  келді.  Алаш 

қозғалысының  алдына  қойған  мақсаты-  қазақ  халқын  отарлық  езгіден 

азат  етіп,  тәуелсіз  мемлекет  құру  мен  қазақ  қоғамының  дүниежүзілік 

мәдени  қауымдастыққа  енуін  қамтамасыз  ету,  өркениетті  елдер 

қатарын қосу болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет