Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жоспарлы  экономика  мен  нарықтық  экономика  арасындағы



Pdf көрінісі
бет79/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

2.Жоспарлы  экономика  мен  нарықтық  экономика  арасындағы 

ерекшеліктерді  талдаңыз.  Қазақстан  Республикасын  нарықтық 

қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама 

беріңіз. 


 

81 


 

Жоспарлы экономика: 

1. Меншік түрі: мемлекеттік (қоғамдық) меншік 

2.Бәсекелестіктің  болмауы,  еркін  бәсеке  орнына  өндірістер  арасында 

социалистік жарыс, қозғалыстардың орын алуы  

3.Жеке кәсіпкерлікке жол берілмеу 

4.Экономиканы  мемлекеттік  жоспарлау,  жопарлаудың  бесжылдықтар 

түрінде болуы  

5.  Экономиканың  барлық  тетігі  мемлекеттің  қолында  болуы, 

мемлекеттік қаржыландыру шетелдік инвестицияның тартылмауы т.б. 

6. Бағаны мемлекеттің тағайындауы 

Нарықтық экономика: 

1. 

Меншік түрі: көп түрлі меншік 



2. Еркін бәсеке 

3. Жеке кәсіпкерлік 

4. Нарықтық экономика 

5.Экономиканы бір орталықтан жоспарламау 

6.Еркін баға 

Нарықтық қатынастарға көшудегі орын алған қиыншылықтар: 

Экономиканы  әміршіл-әкімшіл  басқарудан  нарықтық  жүйеге  көшу  аса 

қиын  әрі  күрделі  болып  шықты.  Бұрыннан  қалыптасқан  шаруашылық 

байланыстарының  үзілуі,  келісім  тәртібінің  нашарлауы  салдарынан 

көптеген  кәсіпорындардың  жұмысы  тоқтап  қалды.  1992  жылға  дейін 

Ресеймен  бір  экономикалық  кеңістікте  болғаны  жағдайды  қиындата 

түсті.  Тұтынушылық  рынок  мәселесі  барынша  шиеленісті  азық-түлік, 

киім-кешек  жетіспеді,  алыпсатарлық  пен  жемқорлық  өрістеді.  1992 

жылғы  6  қаңтардан  бастап  баға  босатылды.  Еркін  баға  енгізілуімен 

тауарлардың  барлық  түрі  бірден  қымбаттады.  Тұтыну  тауарлары  мен 

қызмет  көрсетудің  жаппай  қысқаруы  кей  реттерде  мемлекеттік 

кәсіпорындардың  толық  тоқтатылуы  бағаның  күрт  жоғарылауына 

әкеліп  соқты.  Азық-түлік  пен  өндірістік  тауарлар  бағасының  өсуіне 

ықпал факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, 

ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге 

көтерме  бағаның алты  есе  өсуі  болып  табылады.  Жұрттың  жалақысы 

түгелдей  азық-түлік  алуға  кетті.  Күрделі  тұрмыстық,  мәдени  және 

шаруашылық  техникалары  бағасы  қымбат  болғаны  соншалықты 

көпшілік  оларды  сатып  ала  алмады.  Тұрмыс  жағдайының  нашарлауы 

тұрғындардың 

наразылығын 

тудырды. 

Осындай 


жағдайда 

экономикада түбегейлі өзгерістер қажеттілігі туындады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет