28
1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы
қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді. Сондай-ақ Ертіс пен Жайық
бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға
қайтарылды.
1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық
межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і құрамына 1млн 468 мың халқы бар
Сырдария (Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, уездері, Әулиеата
уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан
облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу облысының
Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға
қарады. Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылды.
Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті.
1925 жылы Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і
Қазақ АКСР-і деп өзгертілді.
Достарыңызбен бөлісу: