32
оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып,
батырдың даңқы үш жүзге тарады.
Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен
қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі
саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс
әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы
Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз
аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру
саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында
Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала
ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.
Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене
шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене
қатысты.
1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының
арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен
Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа
басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы
қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді.
Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф
басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың
жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару-
жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа
батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді.
1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы
-
5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы
жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал
маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.
Достарыңызбен бөлісу: