45
барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі —
"бармаймын" деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді.
Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды тыл жұмыстарына
шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық
жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс
жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және
ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар: "қарусыз халық үкіметтің
жазалау
шараларының
құрбаны
болады"
деп
қауіптенді.
«Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар", — деп жазды
олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының
либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен
парасатты ымыраластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және
оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады.
Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.
Ұлт-азаттық
қозғалысқа
революцияшыл-демократияшыл
зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин,
С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты.
Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешу де әр түрлі
топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.
Достарыңызбен бөлісу: