Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


ХХғ.  басындағы  «Қазақ  кадеттері»  деген  кімдер?Түсініктеме



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

ХХғ.  басындағы  «Қазақ  кадеттері»  деген  кімдер?Түсініктеме 

беріңіз. 

3.1867-

1868  жылдардағы  реформалар  бойынша  қазақ  жерінде 

құрылған  генерал-губернаторлықтар  мен  олардың  құрамына 

кірген  облыстарды  карта  бойынша  белгілеңіз  және  бұл 

реформалардың зардаптарын анықтаңыз. 

 


 

50 


 

Жауабы: 

 

2.

Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? 

ХХғ.  басындағы  «Қазақ  кадеттері»  деген  кімдер?Түсініктеме 

беріңіз. 

Қазақ  елі  өзінің  отарлық  езгідегі  халін  түсіне  бастауы  мен  ұлт 

зиялыларының  нақты  әрекетке  көшуі  1905  жылғы  алғашқы  орыс 

революциясымен тікелей байланысты. Ресейдегі азаттық қозғалыстың 

өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі -

1905ж.  6-тамызда  шыққан  манифест.  Манифест  бойынша  қазақ  еліне 

де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары 

Мемлекеттік  Думаны  империяның  Қазақстандағы  саясатына,  әсіресе 

жер  мәселесін  шешуге  ықпал  жасау  құралы  ретінде  бағалады. 

Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты. 

 

І  Мемлекеттік  Дума    жұмысына  Қазақстаннан  3  депутат  қатысты. 



Олар-  Алпысбай  Қалменов  (Орал  облысы),  Әлихан  Бөкейханов 

(Семей  облысы),  Ахмет  Бірімжанов  (Торғай  облысы).  Дума 

отырысында  А.Бірімжанов,  А.Қалменов    сөз  сөйлеп,  қазақ  елінің 

мәселелерін  көтерді.  Аграрлық  мәселе  бойынша  құрылған  комиссия 

құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады. 

ІІ  Думаға  қазақтардан  5  депутат  сайланды-  Орал  облысынан  –заңгер 

Б.Қаратаев,  Жетісу  облысынан  –инженер  М.Тынышбаев,  Бөкей 

Ордасынан  –заңгер  Б.Құлманов,  Сырдария  облысынан  –саудагер 

Т.Алдабергенов  және  Семей  облысынан  –  қажы  Т.Нұрекенұлы.  Дума 

жұмысында  қызу  пікірталас  тудырған  мәселе  тағы  да  аграрлық  және 

қоныс  аудару  мәселесі  болып  шықты.  Қазақ  зиялылары  Ресейден 

Қазақстанға  орыс  шаруаларын  қоныс  аударуды  тоқтатуды  талап  етті. 

Қазақ  зиялылары  ІІІ  және  ІV  Думаға  сайлану  құқығынан 

айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы 

белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір 

тәжірибе жинақтады. 

Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі 

қазақ  халқының  мүддесі  тұрғысынан  үгіт-насихат  жұмысын  жүргізіп, 

депутат  сайлап,  оған  аманат  тапсыру  ісіне  мұрындық  болатын  саяси 

ұйымның  қажеттілігін  айқын  аңғарды.  1906ж.  10-маусымда  Семей 

қаласында  Мемлекеттік  Думаға  қазақтардан  депутат  сайлау  үшін 

өкілдер  жиналысы  өтті.  Ә.Бөкейханов  жиналғандарды  «Халық 

еркіндігі»(  кадеттер)  партиясының  бағдарламасымен  таныстырып, 

жиналысқа қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде 

қаулы  қабылдады.  Қазақ  зиялыларының  бағдары  Ресейдегі  кадет 

партиясының  қызметімен  ұштасты.  Сондықтан  «қазақ  кадеттері» 

аталды.  Бірақ,  қазақ  кадеттерінің  бағдарламасы  орыс  кадеттерінен 

өзгеше  болып,  мынандай  талаптар  қойылды:  қазақ  жерін  бүтіндей 

қазақ  елінің  меншігі  деп  жариялайтын  заң  қабылдау,  Ішкі  Ресейден 



 

51 


 

көшіп  келушілер  легіне  тежеу  қою,  қазақ  жұмысшыларына  еркіндік  , 

теңдік  беру,  олардың  мүддесін  қорғайтын  заңдар  шығару,  қазақ 

балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б. 

Бірақ,  бұл  алғашқы  әрекеттер  саяси  партия  құрумен  аяқталған  жоқ, 

өйткені оған қажетті алғышарттар әлі пісіп-жетілмеген еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет